1524

Елорданың балалар ауруханасында ине шаншыр орын жоқ

"Ауырғандар вакцина алмағандар" екені рас па?

Елорданың балалар ауруханасында ине шаншыр орын жоқ
ашық дереккөзден

Елордада қызылша ауруының күшейіп барады. Науқастардың көпшілігі – вакцинацияланбаған балалар. Дегенмен науқастар арасында ересектер де бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта балалар жұқпалы аурулар стационары 111%-ға артық жүктелген. №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының төсек қуаты 300 төсек-орынды құрайды. 

Алайда, маусымдық жұқпалы аурулармен, атап айтқанда қызылшамен келетіндердің көбеюімен қуаттылығы 557-ге және тағы 20 реанимациялық төсекке дейін ұлғайды.

Аурухананың мәліметінше, қызылшамен реанимацияда жатқан балалардың бәрі желдеткішке жалғанған.

«Қазір ауруханаға жатқызылған балалардың 96%-ы – вакцинацияланбаған және олардың барлығы ауыр жағдайда. Қызылшамен 6 науқас реанимацияда жатыр.
Олардың төртеуі ауыр, екеуі өте ауыр, ауыр жағдайда.
Қазір бұл балалардың ата-аналары дабыл қағып, үрейленіп, балалары үшін алаңдауда. Олар мұны балаларының жағдайы ауыр болған кезде ғана түсінгені өте өкінішті», - деп атап өтті №3 аурухананың реанимация бөлімінің меңгерушісі Екатерина Булатова.

Дәрігерлердің айтуынша, негізінен 14 жасқа дейінгі балалар ауырады. Сондай-ақ, ересектер арасында қызылшаға қарсы ешқашан вакцина алмаған немесе вакцинация күнтізбесіне сәйкес ревакцинацияланбаған адамдар да кездеседі.
Дәрігерлер егер бұрын қызылша ауруы негізінен бір жастан асқан болса, қазір науқастардың арасында 5-6 айлық балалар бар екенін айтады.

Балаларды кафель еденге ұйықтатқан балабақшаның видеосын көру үшін сілтемені басыңыз: Smart News телеграм арнасы

Материал авторы