Еңбек министрлігінде Бердібек Сапарбаевты еске алу жиыны өтті

10.02.2024, 10:48
740
Еңбек министрлігінде Бердібек Сапарбаевты еске алу жиыны өтті ашық дереккөзден

Марқұм Бердібек Сапарбаевтың елді дамытуға қосқан үлесі туралы естеліктер айтылды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, вице-министрлер, комитет төрағалары, сала ардагерлері және ведомствоның қызметкерлері қатысты.

Жиынға қатысушылар көрнекті саясаткерді еске ала отырып, Б.Сапарбаевпен бірлесе жұмыс жасаған кездегі жетістіктері, оның адами жеке қасиеттері мен жалпы еліміздің және өңірлердің экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы естеліктерімен бөлісті.

«Бердібек Мәшбекұлы тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуы жолында өлшеусіз және сүбелі үлес қосқан қайраткер тұлға еді. Ол өзінің адами қарапайымдылығы мен емен-жарқын ашықтығы арқасында ел ішіндегі беделді ақсақалдар алдында да, қарамағындағы мамандар арасында да зор құрметке ие болды. Күн тәртібіндегі кез келген мәселенің ұтымды шешімдерін ойластыра отырып, қоғамдағы түрлі санаттағы өкілдермен ортақ тіл табыса алатын. Сол арқылы еліміздегі әлеуметтік-еңбек саласындағы жоспарларды халыққа тиімді етіп құрып, көптеген қызметпен мемлекеттік көмектің шын мұқтаж адамдар үшін қолжетімді болуын қатаң қадағалады. Шын мәнісінде, әрбір мәселенің жай-жапсарын терең ұғынып, толыққанды түсіне алу және тыңғылықты білу қабілеті, тың және айрықша ойлау дәрежесі, сондай-ақ айналасындағы адамдарға құрметпен қарайтын көзқарасы оның көшбасшылық қасиетін анықтады», – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Әр жылдары Бердібек Сапарбаев түрлі мемлекеттік және саяси лауазымдарды атқарды, оның ішінде егеменді ел тарихындағы республиканың 5 өңірін басқарған бірден бір әкім. Бұдан басқа екі рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болуы Б.Сапарбаевтың нағыз елжанды қайраткер екенін танытады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды