Енді әйгілі Louis Vuitton мен Gucci-дің матасын Түркістандағы жаңа зауыт жеткізетін болады

Аиса Махамбет Редактор
01.11.2024, 10:59
986
Енді әйгілі Louis Vuitton мен Gucci-дің матасын Түркістандағы жаңа зауыт жеткізетін болады robbreport.com.my

Made in Turkistan маркалы жіптер мен маталар әлемдік брендтерге сатылады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында мақта шаруашылығын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін жоба іске асырылады. 

Болашақ мақта агроөнеркәсіп кешенінің капсуласын салу рәсімі Turan арнайы экономикалық аймағында облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС директоры Сюй Цзенің қатысуымен өтті. Жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды.

Толық циклді тоқыма фабрикасында 11 цех жұмыс істейтін болады - иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу. Өндіріс қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн метр үй тоқымасын, 7 млн жиынтық төсек әбзелдерін құрайды. 2000-нан астам жұмыс орны құрылады.

Мақта-мата кластерін дамытуға бағытталған өндірістік кешеннің құрылысын Xinjiang Lihua (Group) Co., LTD жүргізеді.

Жобаның маңызды артықшылығы компанияның Louis Vuitton және Gucci сияқты сән индустриясының алыптарымен тікелей ынтымақтастығы болып табылады.

Болашақта Made in Turkistan тігін жіптері мен маталары осы брендтерге сатылатын болады.

Түркістан облысы - Қазақстанның мақта өсіретін жалғыз өңірі. «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» шеңберінде тоғыз мақта кластерін құру жоспарлануда, бұл шитті мақтаның бағасына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Облыс аумағында жыл сайын 100 мың га жерге мақта егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады.

Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, қытайлық тәжірибе бойынша мақтаның элиталық сорттарын егу суды, энергияны, ресурстарды тұтынуды оңтайландыруға және өнімділікті 60-65 ц/га дейін арттыруға мүмкіндік береді.

2023 жылы өңірде «Cotton Мақта» ЖШС мақта өңдеу зауытының жобасы іске қосылды. Кәсіпорын заманауи қытайлық жабдықтармен жабдықталған. Өткен жылы зауыт 40 мың тонна шитті мақта қабылдады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)