Енді Алиса да қазақ тілін түсініп және сөйлей бастады

15.11.2023, 15:46
5068
Енді Алиса да қазақ тілін түсініп және сөйлей бастады yandex.ru

Бұл Яндекс компаниясының қазақ тілді виртуалды көмекшісін дамуына бағытталған алғашқы қадамы. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ол қызықтырған сұраққа жауап тауып, ауа-райын айтып немесе жай ғана әңгімелесе алады. Алисамен қазақша кез келген қолданушы сөйлесе алады — мобильді Яндекс Браузерге немесе Яндекс қолданбаға  кіріп, көмекшінің интерфейсінен тілді таңдасаңыз жеткілікті. Болашақта ол екі тілде қатар сөйлесе алатын болады.

Алиса қазақша қызықты дерек айтып бере алады. Мысалы, оған: «Алиса, Хан Тәңірінің биіктігі қандай?» («Алиса, какая высота Хан-Тенгри?») деген сұрақ қоюға болады. Астанада не көруге болады деген сұрақ қойсаңыз — іздеу нәтижелерінен қызықты жерлердің нұсқаларын көрсетеді. Виртуалды көмекші қазіргі ауа-райы қандай немесе демалысқа болжамды ауа-райын айтып береді. Одан бөлек, енді Алисамен жәй ғана қазақша сөйлесіп және одан, мысалы, тамақ ішкенді ұнататынын немесе қай ақынды жақсы көретінін сұрауға болады. Бұдан әрі Яндекс Қазақстан виртуалды көмекшінің ұлттық тілді қолдану сценарилерін көбейтуді жоспарлап отыр.

Алиса қазақша түсініп және сапалы жауап бере алуы үшін, қазақ тілде сөйлейтіндер мен кәсіби редакторлар дайындаған үлкен көлемді деректермен: соның ішінде қолмен аударылған мыңдаған сұхбаттар мен жүздеген сағат аудиожазбалармен дайындалған. 

Бұдан бұрын компания Браузерде және Алиса бар Яндекс қолданбада бейнені қазақшаға аударуды қосты. Сондай-ақ ұлттық тілде компанияның басқа да сервистері қол жетімді — Іздеу, Такси, Тамақ, Жеткізу және Карталар.

 

Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

«Алиса» виртуалды ассистенті қазақ тілінде түсініп, сөйлей бастады. Бұл мемлекеттік тілдің қолданылуы еліміздің аумағымен   шектелмей, одан да тыс жерлерге таралуының маңызды қадамы екені сөзсіз. «Яндекс» халықаралық компаниясына және дауыстық көмекшіні қазақ тілінде сөйлеткен әрбір қызметкерге өз алғысымды білдіремін.  

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Яндекс Қазақстан» басшылығына осы жемісті ынтымақтастық үшін алғысымды білдіремінн. Алып IT-компания өз сервистері мен өнімдерін мемлекеттік тілге бейімдеп, белсенді дамытып келеді.  

Бұл үлкен және пайдалы іс!

Фото: gov.kz

Бағдат Мусин, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 

«Қазақ тілін кеңінен қолдану жөнінде біз бірқатар шетелдік платформалармен келіссөздер жүргізудеміз. Әрине, басты ұстаным клиентке ыңғайлы, сапалы қазақ тіліндегі сервситерді қамтамасыз ету. Елімізде күн санап қазақ тіліндегі контентке сұраныс өсіп келеді. 

Сондықтан, Министрлік компаниялардың технологиялық шешімдері мен платформаларында қазақ тіліндегі функциялардың болуына аса назар аударады.

Осы орайда, Яндекс компаниясының осы бағыттағы жұмыстары үшін және қазақ тіліндегі енгізіліп жатқан сервистері үшін алғыс білдіремін.

Алисаның қазақ тілінде мобильді браузерде іске қосылуы біздің пайдаланушыларды қуантады деп сенемін».

Фото: esquire.kz

Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі

«Біз 1 сынып оқушылары ата-аналарының 70% қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдайтынына мақтанышпен қараймыз. Бұл білім беру саласында мемлекеттік тілге деген сұраныс артып келе жатқанын көрсетеді. Осындай үрдісті біз басқа салаларда да көріп отырмыз: мысалы, Қазақстандағы барлық IT-өнімдердің шамамен 85 % біздің ана тілімізде қызмет көрсетеді. Мобильді Браузерде қазақша сөйлеген Алиса оқушылар мен студенттерге ақпаратты тез табуға көмектеседі, сондай-ақ тіл үйренуді жаңадан бастаған және ауызекі сөйлеуді үйренгісі келетіндер үшін пайдалы құрал болады».

 Фото: informburo.kz

Олжас Жаңабек, Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы

«Қазақ тілі – еліміз бен қаламыздың болашағын қалыптастыратын іргетасы. Жаһандану үрдісі қалыптасып жатқан қазіргі әлемде қазақ тілін сақтау мен дамытудың маңыздылығын ұмытпауымыз керек.  Яндекс Қазақстан өз сервистері мен өнімдерін әзірлеу және бейімдеу арқылы тіліміздің таралуына ықпал етеді".

Фото: gov.kz

Яндекс Қазақстан туралы

Яндекс Қазақстан — машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобларды да дамытуда.

 

 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол