«Енесі келмейінше, пышақтай берген»: 11 жасар қызын пышақтаған әйел 6 жылға сотталды

18.02.2025, 12:47
1002
«Енесі келмейінше, пышақтай берген»: 11 жасар қызын пышақтаған әйел 6 жылға сотталды Sputnik / Валерий Мельников

СҚО-да өз қызын пышақтаған әйелге сот үкім кесті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 11 жасар қызын пышақтап, ауыр жарақаттаған анаға үкім шығарды. Көпбалалы келіншек алдағы алты жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың күзінде Уәлиханов ауданы Өндіріс ауылында болған. Анасы қызын жамбас тұсынан пышақпен жарақаттаған. Жарақат алған оқушы аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін облыстық емдеу мекемесіне ауыстырылды.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіге қатысты үкім шығарды. Судья Әсемгүл Тоқтарбаеваның мәлімдеуінше, Инара Ислямова ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігінің 3 және 11-тармақтары (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен оған орташа қауіпсіздік мекемесінде алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот Ислямованың әрекетін кәмелетке толмаған, материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты жасалған қылмыс деп саралады. Кінәлі сот залында қамауға алынды, ал жазаны өтеу мерзімі 2025 жылдың 18 ақпанынан бастап есептеледі, – деді судья.

Судьяның айтуынша, айыпталушының әрекеті адамға дәрменсіз күйде екенін біле тұра жасалған, сондықтан жаза жеңілдетілмейді.

Сотталушы Ислямова, сіз ас үйден пышақ алып, баланың бөлмесіне кірген сәтте де тоқтамадыңыз. Тек енеңіз бөлмеге кірген кезде ғана әрекетіңізді тоқтаттыңыз. Бұл қасақана жасалған ауыр қылмыс. Сондықтан жазаны кейінге қалдыру немесе жеңілдету мүмкін емес, – деді сот шешімін түсіндірген судья.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады