863

Ердоған Тоқаевқа Түркияда шығарылған көлік сыйға тартты

Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді. Аталған жайт туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ердоған Тоқаевқа Түркияда шығарылған көлік сыйға тартты
aqorda_resmi

Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Материал авторы