«Ешқашан көргенсіздігін көргенім жоқ»: Елена Әбдіхалықова әнші Кішкенбаевқа қолдау көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
05.02.2025, 09:38
853
«Ешқашан көргенсіздігін көргенім жоқ»: Елена Әбдіхалықова әнші Кішкенбаевқа қолдау көрсетті жеке мұрағатынан

Алмасты 1-сынып оқып жүрген кезінен білемін дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Елена Әбдіхалықова жасөспірімге тиісті деп істі болып жатқан Алмас Кішкенбаевқа қолдау білдірді. 

Өнер иесі әншіні бала күнінен танитынын алға тартты. 

“Белгілі эстрада әншісі Алмас Кішкенбаевты сонау 1-сынып оқып жүрген кезінен білемін. Анасы Айнаш апа екеуі өзінен үлкен домбырасын арқалап, бір концертке қатысуға театрға келген. Алғаш рет тыңдап, театр толы көрерменмен бірге қол соқтық. Кейін Қызылорда Қазанғап Жоғары Музыка колледжінде дәріс бердім. "СуперStar" жобасының қорытынды финалына Алматыға арнайы ұшып барып, жанкүйер болғаным бар. Ешқашан, ешжерде өрескел әдепсіздігін, өтірік сөйлеген көргенсіздігін көргенім жоқ. Есесіне, үнемі ілтипатпен, ізетпен, орнын білетін талантты бала болғаны үшін құрметтеп келемін. Ең бастысы, өнерде мәнері мен әдемі даусы, талғамы бар әнші деп бағалаймын", – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесінің оғаш қылық көрсеткеніне сенбейтінін айтты. 

“Әлем-жәлем желіде түрлі сөз желдей гулеп тұр. Ешкімнен соқыр тиын ұрламаған, тірі жанға зәбірі жоқ, талантты жастарды "жақтым күйе, жаптым жала" деп, түрмеге тоғыта берсек, қалай ел боламыз? Адам болған соң, қисық басатын сәттер де болатын шығар, дегенмен өз басым Алмастың қылмыс жасағанына сенбеймін! Қайта іштей Алмастың образын ашатын әндер болса деп тілеп жүремін. Бүгінгі эстрадада өз биігіне көтерілетін күні алда деп ойлаймын! Лайым, сол күнге жеткейсің, Алмас айналайын! Мұңайма! Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді? Тек аман жүргейсің!", – деп жазды сазгер. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды