Еуроодақ иноагент туралы өз заң жобасын жасап жатыр

16.03.2023, 16:30
946
Еуроодақ иноагент туралы өз заң жобасын жасап жатыр smartnews.kz

Қазіргі уақытта әлемнің лексикалық сөз айналымын иноагент, яғни шет ел агенті деген құқықтық термин жайлады.

Көптеген елдерде бұрын иноагент деген түсініктің өзі оншалықты бола бермеген сияқты. 

Жақында ғана Грузия парламентінің депутаттары шет ел агенті туралы заң жобасын өткіземіз деп халықтың қарсылығына тап болды. Ел толқыған соң заң жобасын кері қайтарып алуға мәжбүр болды. Грузия оппозициясы бұл заң жобасының Ресей иноагент туралы заңынан айырмашылығы жоқ, азаматтарды қудалауға арналған заң деп қарсы тұрды.

Негізінен, шет ел агенті түсінігі мен ол туралы заң әр елде әр түрлі қағидаға негізделген. Мысалы Ресейде қабылданған заң ианоагент деп танылған адамды, ұйымды немесе бұқаралық ақпарат құралдарын тікелей қудалауға бағытталған. Ондайлардың ебін тауып өзге елге қашып кеткендері бар. Ал кете алмағандары айыппұл төлеп жатыр, түрмеге жабылғандары да бар.

Ал Америкада мұндай заң 1938 жылдан бері жұмыс істейді. Америка иноагент туралы заң қабылдаған алғашқы мемлекет. Бұл заң Гитлерлік Германияның басқыншылық әрекетті бастап жатқан кезімен байланысты қабылданды. Сол кезде АҚШ үшін өз жеріндегі адамдар мен ұйымдардың Германия қаржысына саяси және ақпараттық жұмыс жүргізуін шектеу және реттеу керек болды. Соның өзінде қудалауға емес, реттеуге, ашықтық және есептік тәртіпте жұмыс істеу талабын қоюға негізделді.

Жалпы, шет ел агенті деген – өз елінде тұрып, шет елдің мүддесіне тікелей немесе жанама түрде саяси және қаржылық жұмыс жүргізетін жеке тұлға не болмаса заңды тұлға. Заңды тұлғаларға үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар, партиялар, бұқарлық ақпарат құралдары, тәуелсіз құқық қорғаушылар жатқызылады.

Шет ел агенті туралы заңы бар елдер шет елдерден қаржыландырылатын адамдар мен ұйымдардың жұмысына шектеу қояды, есебін алып, салығын төлетіп отырады. Шет ел агенттерінің әрбір ісі күн сайын мемлекеттің көз алдында өтіп жатады, жіті назарда ұсталады. Бүгінгі күні шет ел агенті туралы заң АҚШ-та, Австралияда, Венгрияда, Израильде және Ресейде қабылданған. Грузия да қабылдамақ болды.

Ал дәл осы күндері Еуроодақ иноагент туралы өз заң жобасын жасап жатыр. Болашақ заң үкіметтік емес ұйымдарды, консалтингтік және ғылыми мекемелерді кез-келген шет елден алған қаржысы немесе гранты туралы ақпараттың есебін беріп отыруға міндеттейді. Еуроодақ әсіресе Ресейден және Қытайдан қаржыландырылатын ұйымдардың жұмысын жіті бақылауға алмақ.

Қазақстанға келсек, елімізде әзірге иноагент туралы заң қабылдау қажеттілігі туындап отырған жоқ деп жатқандар бар. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар мен тәуелсіз белсенділердің 85 пайызы жұмысын шет ел гранттарының арқасында жүргізіп отыр екен. 15 пайызы ғана  мемлекеттен қаржыландырылды, бірақ саясатқа араласпайды, тек әлеуметтік жобалармен жұмыс істейді. Мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандығына, билік тармақтарына, талдау мен мониторинг жүргізу істеріне қатысты жұмысты үнемі бақылауда ұстағысы келеді. Бірақ бұған толық шамасы жете бермейтін сияқты. Көбіне азаматтық қоғаммен байланыс жөніндегі ведомство гранттарды бөліп, ақшаны шашумен шектеліп келді. Ондайда сыбайлас жемқорлық та болып жатты. Әрі мемлекет қаржыны мемлекеттің сөзін сөйлейтіндерге ғана беріп отыруға тырысты.  Ал соңғы бір жылдың шамасында үкіметтік емес ұйымдарға грант беру азайды. Есесіне мемлекеттік емес және өзге ұйымдардан ашықтық пен есептілік, қаржы көздері туралы ақпарат анықтығы, соның ішінде шет елдерден алған қаржыларының нақтылығы және салық есебі сынды міндеттерге деген талап күшейтілді. Сарапшылар мен мамандар осындай тәртіп пен қатаң талап жағдайында Қазақстан үшін иноагент туралы заң қабылдаудың қажеті болмайды дегенді алға тартып жүр. Бұл дұрыс та болар. Оның үстіне иноагент туралы заң керек деген бастама әзірге Парламенттің де, президенттің де тарапынан естілген жоқ.

Ал шет елден қаржыландырылып, бірақ есептілік талабын бұзған тәуелсіз үкіметтік емес ұйымдар, медиа нысандары, құқық қорғушылар, тағы басқа ұйымдар болып жатса, оларға салынатын айыппұл өте үлкен болады деп жатыр.  Шет ел қаржысын алған күннен бастап оның есебі декларация түрінде 10 күннің ішінде берілуі керек.

Әлемде иноагент турлы заңдардың ішіндегі ең оңтайлы етіп жасалғаны АҚШ заңы деген пікір басым. Өзге елдердің біразы өздерінің  иноагент туралы заңдарын АҚШ заңына ұқсатып жасапты. Грузияның заң жобасы да АҚШ заңына ұқсастырылып жасалғанын сол ел парламентінің депутаттары айтқан. Бірақ Ресей иногент деп таныған адамдардың босып кеткенін көрген грузиндердің жүректері шайлығып қалған болса керек. Көшеге ондаған мың адам шығып, заң жобасын қабылдатпай қойды.

Алыпқашпа сөздерге қарағанда, Грузияда иногент туралы заң қабылдануына Ресей мүдделі көрінеді. Грузияда ондай бастама көтерілуіне Ресей ықпал еткен деген сөз де жиі айтылады. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды