«Хуторлық» Хасан Қасымбаевқа тағы бір айып тағылған

28.01.2025, 17:04
685
«Хуторлық» Хасан Қасымбаевқа тағы бір айып тағылған SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Оған адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру деген айыптар тағылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғар тұрғыны Хасан Қасымбаевқа ауыр дене жарақатын келтіру айыбы алынып, енді ол тек адам ұрлады деген күдікке ілінді. 

Алматы облысы полициясының мәліметінше, Хасан Қасымбаевты сотқа дейінгі тергеу аясында Қасымбаевтың қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды. 

"Көрсетілген тұлғаға қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.", – делінген жауапта.

2024 жылдың қарашасында Қасымбаев екі айға қамауға алынған еді. Сол кезде полиция оған адам ұрлауға қатысы бар және қасақана ауыр дене жарақатын келтіру айыптарын тағу туралы мәлімдеді. Департаменттің мәліметінше, осы қылмыстар үшін бес адам қазірдің өзінде жаза өтеп жатыр.

Қасымбаевқа қызығушылық 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру оқиғасынан кейін туындады. Қазақстандықтар жасөспірімді өлтірді деп күдікке ілінгендер "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері және оны Қасымбаев басқарады деп болжады. Осы жаңалықтардың аясында Қасымбаев видеоүндеу жариялап, қылмыстық топқа еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды