«Хуторлықтар» туралы шындықты айтып берген ер азаматты полицейлер ұстап әкетті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
21.10.2024, 17:20
2452
«Хуторлықтар» туралы шындықты айтып берген ер азаматты полицейлер ұстап әкетті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Алматы облысы Талғар қаласында журналист Асхат Ниязовқа “Хутор” бандасы туралы айтқан тұрғынды полицейлер ұстап әкетіп, психиатриялық ауруханаға жатқызған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 қазанда Асхат Ниязовтың "Обожаю" YouTube-арнасына Талғар қаласы туралы зерттеу материал жарияланған еді. Сол зерттеуде "Хутор" бандасы туралы сөз қозғаған адамды полиция ұстап әкетіп, психиатриялық ауруханаға жеткізген. Бұл ақпаратты журналист Асхат Ниязов Telegram-арнасында хабарлады. 

“Дәл қазір полицейлер Талғар туралы эпизодтың кейіпкерлерінің бірін ұстады. Ол психиатриялық ауруханаға жеткізілді”, – деп жазды ол. 

Ақпаратқа сәйкес, ұсталған азамат Шерзат Болаттың көршісі әрі отбасылық досы. Журналист онымен бірге бұрын Хутор атанған Тұрар Рысқұлов ауылына барған. 

Ол адаммен сұхбат көліктің ішінде жазылған. Себебі сыртта тұрып сөйлесу қауіпті болған. Ер адам осы ауылдарда бұрын не болғанын, "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы бар білетінін айтқан. 

Ал полиция сұхбат берген адамның психиатриялық ауруханадан бұрын қашып кеткенін айтты.

"Азамат К. бұрын қоғамдық қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылған және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына сотталған. Оны полиция қызметкерлері қайтадан ұстады”, – делінген сот хабарламасында.

Полицейлер Еркен Қазбековтің құжаттарды қайта рәсімдеуге барғанын, содан кейін медициналық мекемеден қашып кеткенін айтты. Ол 21 қазанда ұсталып, "тағайындалған емді жалғастыру үшін медициналық мекемеге" қайтарылды.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті