«Иә дедім»: сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды
«Рауза» сериалы арқылы танылған актриса тағы тұрмыс құрмақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Рауза» телехикаясының жұлдызы, актриса әрі әнші Жарқынай Ханайым желіде сақинамен түскен суретін жариялап, қалың көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.
Өнер иесі аталмыш фотоны Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Жарқынай Ханайым cуретте гүл шоғын ұстап, сақинасын көрсетіп тұр.
Актриса фотоның астына «Иә дедім» деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары әнші арудың жария еткен жаңалықты бірден қызу талқылап, оның рас-өтірігін біле алмай әлек болуда.
Жарқынай Ханайым бұл жазбасына қатысты әлі ресми пікір білдірген жоқ.

Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор