"Қандай да бір есептерді сұрауға құқы жоқ": Қымбат Досжан тың дерекпен бөлісті

01.02.2024, 16:22
3935
"Қандай да бір есептерді сұрауға құқы жоқ": Қымбат Досжан тың дерекпен бөлісті Эдди Жан

Бельгиялық отбасы асырап алған Эдди Жан Савельевтің  Қазақстандағы заңды өкілі, белгілі журналист  Қымбат Досжан тың деректі жария етті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

"Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясы Жәнібектің анасына қатысты жайтты анықтау үшін Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне хат жолдаған.

"Хаттағы маңызды 2 сауалдың бірі: "Жәнібек Жұмағұловты асырап алған бельгиялық келіншектің есебі неге түгел емес?". Екіншісі: "Жәнібек Жұмағұловты асырап алған бельгиялық келіншек бірнеше рет медициналық емдеу мекемесіне жатқызылған. Сол жылдары Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі баланың жағдайынан хабардар болған ба? Егер мемлекеттік органдар хабардар болса, қандай шешім қабылданды?" деп жазды журналист.

Бұл хатқа Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елші Марғұлан Баймұханнан жауап келген.

"Хат мазмұнында Жәнібек Жұмағұлов көмек сұрап, Бельгиядағы елшілікке жүгінбегені жазылған. Бұл мәлімет бұған дейін де бізге белгілі болатын. Өйткені  Жәнібектің айтуынша, бала 16 жасында асырап алған адамнан бөлек кетіп, кәмелеттік жасқа толғанда, тіпті Испанияға кетіп қалған. Сондықтан анасын іздеп, Испаниядан келген болатын. Елшілік хатындағы екінші мәлімет: бала асырап алу орталығы өкілінің хабарлауынша, Жәнібектің асырап алынуы асырап алу агенттіктерінің қатысуынсыз, жеке, тікелей болды. Сондай-ақ осы орталықтың өкілі бұл бала кәмелетке толғандықтан, қандай да бір есептерді, ақпаратты сұрауға немесе осыған байланысты қадамдар жасауға құқы жоқ дегендей жауап алдық",  дейді Қымбат Досжан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды