«Қанішер Король!»: ызалы испан халқы көңіл айтуға келген патшаға тас атқылап, балшық лақтырды (ФОТО, ВИДЕО)

04.11.2024, 14:45
832
«Қанішер Король!»: ызалы испан халқы көңіл айтуға келген патшаға тас атқылап, балшық лақтырды (ФОТО, ВИДЕО) EFE/Biel Aliño, Adolfo Benetó

Тасқындағы биліктің әрекетсіздігіне ашуланған қара халық, көңіл сұрап келген корольдің бетіне лағынет айтты. Тұрғындар лақтырған лай-балшық Филипп VI-ға дөп тиген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Испаниядағы нөсер жауынның салдарынан болған су тасқыны Валенсия провинциясының аумағын түгел жайпап өтті. Дүниенің жарасы жеңіл, өкініштісі, тасқын кезінде 200-ден астам адам ажал құшты. Бұның бәріне қара халық биліктің әрекетсіздігі мен немқұрайлығын кінәлады.

3 қараша күні Испаниядағы монархияны бастарып отырған патша Филипп VI мен әйелі тасқын болған орынға келген еді. Валенсия провинциясындағы Пайпортаға келгендері сол-ақ екен, оларды тасқыннан зардап шеккен, барынан айырылған қаралы халық қарсы алды.

Сурет: EFE/Biel Aliño, Adolfo Benetó

Патша мен оның әйелі Летисия, Испанияның үкімет басшысы Педро Санческе және Валенсия автоном бірлестігінің басшысы Карлос Масонға «Қанішер, Филипп!», «Кетіңдер!», «Сендерді лағынет атсын!» деп айқайлады. Сабырға шақырған король Филипп VI-ті қоршаған тұрғындар оған тас атып, балшық лақтырды. БАҚ өкілдерінің оқиға орнындағы суреттерінен байқасақ, көпшіліктің лақтырған лай-балшығы патшаның беті мен киіміне дөп тиген.

Сурет: EFE/Biel Aliño, Adolfo Benetó

Одан бөлек, лауазымдыларды сол жерде жиналғандар күрекпен, таяқпен қорқыта бастады. Күзетшілер ел басшыларын қоршап, қолшатырмен жауып, топ арасынан тез шығуға тырысқан. Жағдайға атты полицейлер араласып, испан билігінің мәртебелілеріне араша түскен.

Сурет: EFE/Biel Aliño, Adolfo Benetó

Испаниядағы RTVE телерадиокомпаниясының дерегінше, көңіл айта келген монархтың тұрғындармен кездесуі ушығып кеткен соң, өңірдегі сапарын жоспарланған уақытқа қарағанда ерте аяқтап, кетіп қалған.

Сурет: EFE/Biel Aliño, Adolfo Benetó

Айта кетейік, 30 қазанға қараған түні Испанияның бірқатар аймақтарында бір жылдық мөлшердегі жауын-шашын бірнеше сағат ішінде құйып жауған. Су мен балшық ағыны көпірлерді қиратып, көліктер мен адамдарды, тіпті жекеленген ғимараттарды өзімен бірге ағыспен алып кеткен. Аман қалғандар мыңдаған тұрғын жарықсыз отыр, тіпті ауыз су мен азық-түлік тапшы болғасын аш-жалаңаш қалды. Нөсердің салдарынан кемінде 217 адам қайтыс болған. Тасқында жоғалғандар көп болғандықтан қайтыс болғандар санын әзір нақты есептеу мүмкін болмай отыр.

Халық жаңбырдың салдары туралы Валенсия автономының билігі тым кеш хабарлағаны үшін ызалы. Патша билігі де көптеген елді-мекендерге бірнеше күн ішінде көмек көрсетілмегені үшін қатаң сынға ұшырады. Кейбір аудандарға бару әлі де мүмкін емес көрінеді. Сондықтан ол өңірлерге құтқару операциясы үшін арнайы әскерилер тартылған.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды