1202

Канвон-2024: Жасөспірімдер олимпиадасындағы алғашқы тарихи алтын (видео)

Алғашқы алтынымызды алып берген кім?

Канвон-2024: Жасөспірімдер олимпиадасындағы алғашқы тарихи алтын (видео)
olympic

Smart News басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Қысқы Канвон-2024 олимпиадасында еліміз алғашқы алтынды қанжығалады.

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды. 

Алтын: Илья Мизерных — 214 ұпай

Күміс: Ники Хаммл — 210,7 ұпай

Қола: Лукаш Лукащук — 209,7 ұпай

«Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын!»,- деді Ермек Маржықпаев. 

Бұған дейін жерлестеріміз 3 Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор