«Кәпірлерді өлтіретін видео тараттым»: жат ағымның жетегіне еремін деп 16 жастағы қазақ баласы сотталып кетті (ВИДЕО)

06.11.2024, 13:18
1006
«Кәпірлерді өлтіретін видео тараттым»: жат ағымның жетегіне еремін деп 16 жастағы қазақ баласы сотталып кетті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Жиһад жасаймын деп, жастайынан темір торға тоғытылып жатқан жастар көбейді. Солардың бірі 16 жастағы қазақ баласы жиһад жасауды армандап, Сирияға баруды жоспарлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, небәрі 16 жасар бозбала жат ағымның жалған насихатына еріп, жиһад жасамақ болған. Ол бастан өткерген зобалаңын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арбау» фильмінде айтып берді.

Былтыр елімізде жат ағымның насихаты үшін 42 адам сотталса, оның екеуі кәмелетке толмаған балалар болған. Ал биыл 68 экстремист ұсталса, олардың ішіндегі бесеуі әлі 18-ге толмаған балалар боп шықты. Бұл балалардың арасында 16 жастағы Айбек те бар (аты ойдан шығарылған). 

Бозбала желідегі түрлі топтарға қосылып, экстремистік бейнежазбаларды белсенді таратқаны үшін сотталған. Жасөспірім өзінің жиһад жасағысы келгенін ашық айтты.

«16 жастамын. Экстремизмді насихаттайтын видеолар таратқаным үшін жазамды өтеп жатырмын. «Виалати Кавказ» деген Telegram арнаға кірдім. Ахмад деген баламен таныстым. Джиһадқа шақыратын видеолар сал деп айтты маған. Телеграмға кірім «Дауль-атль-Ислам» деген канал аштым. Сол каналға салдым.

Сирияға барып жиһад жасағым келді. Топ ашып ол топтың сілтемесін TikTok-қа салдым. Сыбайласым «Ислам мемлекеті» деген тағы бір арнаға сілтеме жіберді, оған да қосылдым. Ол жерде намаз оқымай, Аллаға қарсы шыққан адамдарды өлтіретін видеолар еді. Ютубтан уағыз тыңдап, сайттарын оқыдым», – дейді ол.

Айбектің анасы баласы бірнеше рет видео көрсеткенін, мұндай видеоларға мән бермегенін айтады.

«Маған Telegram-нан видео келді деп көрсетті. Ішінде біреудің басын екінші біреу кесіп жатыр. Мен мән бермедім. Мұндайдың талайын көргенбіз ғой деп қоя салдым. Наурыз айында ораза уақытында TikTok әлеуметтік желісіндегі балалармен кездесіп бастады. Арабша музыка тыңдайды. Біздің сауатымыз болмаған соң, балада діни сауат қайдан болсын. Ондай заң бар екенін де білмейміз», – дейді жасөспірімнің анасы.

Жасөспірім әртүрлі террористік ұйымдарды насихаттайтын видеоларды бөлісіп, басқаларын да жиһадқа шақырған.

«Видеоның мазмұнында ДАИШ террористік ұйымының содырлары бейнеленген. Аса қатігездікпен адам өлтірген. Арнайы қызметтің адамдарын ұстап алып, аяусыз өлтірген видеоларды бөліскен.

Оған қоса үстіне араб ұлтының киімін киіп, үйінің маңында бейнероликтер түсіріп, жиһадқа шақырып, жиһадқа шығу ойы бар екенін ашық бөліскен», – дейді жедел қызметкер.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды