«Қарыз себеп болуы мүмкін»: Алматыда атақты дзюдошыға қастандық жасалды

Аиса Махамбет Редактор
02.10.2024, 12:04
644
«Қарыз себеп болуы мүмкін»: Алматыда атақты дзюдошыға қастандық жасалды бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановқа бір топ адам шабуылдаған еді. Қазір соның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда атақты дзюдошы Дамир Исаханов жүрек тұсынан пышақ жарақатын алды. Десе де спортшы аман қалды. Дамирдің таныстары бұған оған қарыз болғандар шабуылдауы мүмкін дейді.

“Біреулер оған қыруар ақша қарыз болған. 300 мың долларға жуық қарыз алған. Оның жарты сомасы ретінде үй берген, қалғаны қайтарылмаған. Мейрамхананың жанына кездесуге шақырған. Дамир маған телефон соғып, заңгерлік кеңеске мұқтаж болғандықтан, онымен баруымды өтінді. Бізбен бірге Дамирдің енесі келді. Біз бәрін көрдік”, – деді заңгер Әлішер Әлішов.

Шабуыл өткен дүйсенбіде болған. Автотұрақтағы төбелес бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Енесі мен адвокаты қансыраған спортшыны субұрқақтың жанынан тауып алды. Қазір спортшының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Күдіктілердің бірі ұсталды. Тергеудің егжей-тегжейлері әлі жарияланған жоқ.

“Бұл факті бойынша Алматы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі  Салтанат Әзірбек.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады