"Kaspi.kz банк емес, платформа": Бағдат Мусин Kaspi.kz-ке мемлекеттік қызметтерді енгізу идеясын өзі ұсынғанын айтты

20.11.2023, 13:50
1039
"Kaspi.kz банк емес, платформа": Бағдат Мусин Kaspi.kz-ке мемлекеттік қызметтерді енгізу идеясын өзі ұсынғанын айтты inform.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда қаржылық қызметтер көрсететін (Kaspi.kz, Halyk платформалары) платформаға мемлекеттік қызметтерді қосу идеясын өзі ұсынғанын айтты.

Министрдің айтуынша, кейінгі жылдары несие алушылардың күрт артуы аталған платформалардағы цифрлық құжаттарға байланысты емес.  

Министр Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген. Бағдарлама барысында журналист жеке мәліметтерді жекеменшік қаржылық ұйымдарға (Kaspi.kz, Halyk платформалары) беру қаншалықты дұрыс екені туралы сұрақ қойды.

Себебі мобильді қосымшаның ішінде несиені де алуға және жеке адамдардың цифрлық құжаттарын да қарауға болады.

Яғни жүйедегі қызметтер ықпалдастырылған.

Өз кезегінде министр аталған палатформалардағы мемлекеттік қызметтерге әр адам өзі шектеу қоя алатынын айтты.

«Kaspi.kz — платформа. Біраз адам оны банк деп сынап жатады. Kaspi.kz банк емес, платформа… Мәселен, eGov.kz қосымшасына кірген кезде „Kaspi.kz платформасына цифрлық құжаттар туралы мәліметтерді беруге рұқсат бересіз бе?“ деген сауал болады. Сіз аталған платформада құжаттар туралы деректердің болуына өзіңіз рұқсат берсеңіз, дәл солай осы рұқсатыңызды кері қайтарып алуға болады. EGov.kz қосымшасында ондай мүмкіндік бар», — деді Б.Мусин.

Ведомство басшысы eGov mobilе-ге бұл тәртіп 2020 жылы енгізілгенін нақтылады.

Журналист көп адамның аталған платформаларда цифрлық құжаттарының жариялануына қалай рұқсат бергені есінде жоқ екенін айтты.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады