Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет сөз бостандығын қорғау үшін қажетті шаралар қабылдап жатыр

27.06.2023, 13:13
888
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет сөз бостандығын қорғау үшін қажетті шаралар қабылдап жатыр akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы БАҚ қызметкерлері күніне орай бірқатар мәселелерді көтеріп, мерекеге байланысты үндеулерін жасады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Президент сөз бостандығына қатысты:

"Мемлекет саяси реформалар аясында сөз бостандығын қорғау үшін қажетті шаралар қабылдап жатыр. Азаматтардың ақпаратты еркін алуы, пікірін ашық жеткізуі, ой еркіндігі – Әділетті Қазақстанның айқын көрінісі.

Елімізде қаламын қаруына айналдырған тілшілер аз емес. Кейде олардың жазған мақаласынан, дайындаған репортажынан кейін өзекті мәселелер жедел түрде шешімін тауып жатады. Ондай тілшілерді Адал азаматтар десек, артық болмайды. Мен бұл туралы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айттым, - дейді.

Одан бөлек Мемлекет басшысы фейк ақпараттардың алдын-алуға журналистердің үлесі зор екенін айқындады.

"Сондай-ақ жалған, фейк ақпарат таратып, жұртты дүрліктіретін адамдар да бар. Журналистер әрдайым төтенше оқиғалардың алдыңғы шебінде жүреді. Олар пандемия кезінде, Қостанай, Абай облыстарындағы табиғат апаты болған кезде жедел ақпарат таратты. Кейде жеке басына қауіп төнсе де, елге хабар жеткізді. Бұл – патриотизмнің, кәсіпке адалдықтың шынайы көрінісі.

Біз елімізді өркендету үшін ауқымды шараларды қолға алдық. Әрине, атқаратын жұмыс, еңсеретін кедергі аз емес. Дегенмен осы жұмысты, оның нәтижесін халыққа сауатты әрі уақытылы түсіндіру маңызды. Сонымен қатар азаматтардың көкейінде жүрген өзекті мәселені, түрлі түйткілді билікке жеткізу де – тілші қауымның міндеті.

Осылайша, біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыра аламыз. Сондықтан халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған медиа саласының мамандарына зор жауапкершілік жүктеледі", - дейді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлеріне арнап түрлі гранттар мен сыйлықтар тағайындауды тапсырды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)