«Қателескенімді түсіндім»: Мөлдір Әуелбекова өзі және отбасы туралы жайттарды ашып айтты

Аиса Махамбет Редактор
23.03.2024, 16:51
5054
«Қателескенімді түсіндім»: Мөлдір Әуелбекова өзі және отбасы туралы жайттарды ашып айтты жеке парақшасынан

Әншінің екінші некесі де сәтсіз болып, ажырасып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесі туралы ойын бөлісіп, екі баласын қалай өсіріп жатқанын әңгімеледі. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Өнер иесі жалғыз өзі ұлы мен қызын бағып отыр. 

“Балаларыммен көбірек уақыт өткізуге тырысамын. Ұлым өте ақылды болып өсіп келеді. Жиі сырласамын. Бірақ қызыма көбірек уақыт бөледі екенмін. Ұлым соны байқап қалыпты. Қызымның бала күтушісі бір аптаға сұранып кетіп еді. Балам мазасыз болып, жылай бастады. Өйткені қызыма көбірек көңіл бөліп қойыппын. Жұмысқа кетсем, 50-60 рет хабарласып, жылап тұратын. Мен түсінбей жүрдім. Осыған дейін мазасыз болған емес. Сөйтсем, бір күні балам “Айаруды ғана еркелетесіз. Маған көңіл бөлмейсің” деді. Содан кейін барып, қателескенімді түсіндім”, – деді әнші. 

Өнер иесі ұлының білімді, ақылды жан-жақты болып өсуін қалайды. Сол үшін балаларының болашағы үшін ұстаз таңдайтынын жасырмады. 

“Қазір түрлі қосымша білім беретін үйірмелер бар. Мен ұлыма ұстазды таңдадым. Бірнәрсе айтсам, қатты таңғалып қаласыздар. Менің ұлым орыс мектебінде оқиды. Сол мектептен алғаш рет ашылған қазақ сыныбына барды. Гүлдана апайымыз өте керемет адам. Ұлым сол кісінің сабағын мақтап, қалмауға тырысады. Ойнатып жүріп, сабақ түсіндіреді. Бірақ біздің үйде әкеміз орысша сөйлеуге рұқсат етпейді. Ауладан шыққанда неше түрлі тілде сөйлей береміз. Керемет білім беретін, ақылы мектептердің барлығына барып көрдім. Балам даярлық сыныпта оқыған мектебінде қалғысы келді. Апайын қимай қалды”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)