"Қазақ тілі трендте". бразилиялық әнші танымал әндерді қазақ тіліне аударды

03.12.2023, 16:16
1462
"Қазақ тілі трендте". бразилиялық әнші танымал әндерді қазақ тіліне аударды видеодан алынған кадр

Босса Нова енді қазақша шырқалады

SmartNews сайтының хабарлауынша, әйгілі бразилиялық әндерді қазақ тілінде әуелеткен Полина Тырина есімді астаналық әнші. Белгілі музыканттың жуырда камералық альбомы жарыққа шығады. Бұл туралы 24.kz арнасы жазды.

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Бразилияда пайда болған музыка жанры жұртшылыққа көптен таныс. Фольклор мен джаздың қосындысынан туындаған әуезді саз португал тілінен бөлек, ағылшын, француз, орыс тілдеріндегі әндерге арқау болғаны қашан. Енді міне олардың қатарына қазақ тілі де қосылды. Полина ханым осылай ән арқылы бір жағынан тіл сындырса, екінші жағынан қазақ тілді аудиторияға Босса Нова жанрын насихаттағысы келеді. 

 - Бір қызығы, бұл үш әннен құралған камералық жоба. Екінші жағынан бұл жоба күтпеген жерден халықаралық сипатқа ие болды. Өйткені продюсерлікке ресейлік мамандарды тарттым. Дыбысты жазу кезінде оларға қазақ тіліндегі мәтіндерімді жібердім. Олар меннен кей сөздердің қазақ тіліндегі аударманы сұратып жатты. Бұның өзі қызық тәжірибе. Сондай-ақ бразилиялық суретшіні қатыстырдым. Ол альбомның мұқабасын салып берді, - дейді әнші Полина Тырина.

Қазақстандық фотограф түсірген суретке қарап, бразилиялық қылқалам шебері оған түрлі түсті әр береді. Сөйтіп, альбомға әп-сәтте Босса нованың отаны, шырайлы Бразилияның реңін бітіреді. Ол суретке Полина Тырина гитарасын ұстап, қазақи әшекейін тағып түскен еді. Жасандылық жан-дүниесіне жат әнші, сахналық есімін қалай таңдағанын да айтып берді. 

 - Мендегі тикток пен инстаграм парақшаларымда біреулер пікір қалдырыпты. Жаңылмасам, қазақ халық әндерін орындаған видеолардың астына. Сонда Полина ханым деп бастап жазған. Сол кезде "ханым" деген қаратпа сөзі қатты ұнады. Неге сахналық есім ретінде қолданбасқа деген ойға қалдым? Түптеп келгенде мен осы жақтың тумасымын ғой, жанға жылы тиетін сөз, әрі болмысым одан еш өзгермейді. Жалпы, маған ханым деген сөздің мағынасы қатты ұнайды, - дейді әнші.

«Ипонема қызы», «Жылусыз» және «Үнсіз түн». Бұл Полина ханымның репертуарындағы Босса нова әндері. Мәтінді қазақ тіліне аударған Наргиз Макраева.

Қазір жобаға қатысушылар камералық альбомның тұсаукесеріне қызу дайындалып жатыр.

- Негізі мынау менің араб әндерін орындаған кезде киетін костюмдерім, олар да музыкалық өмірімнің бөлшегі. Бұларды кигенде өзімді патшайым сияқты сезінемін. Жексенбі күні өтетін концертіме келсеңіздер, не киетінімді көре аласыздар. Босса нова үшін этникалық үлгіде, сәнді бірақ міндетті түрде ыңғайлы киім киіп шығамын. Өйткені аспапта ойнаймын ғой. Кимінің ыңғайлы болғаны аса маңызды, - дейді әнші.

Полина Тыринаның орындауындағы қазақ Босса нова жинағы 3 желтоқсан күні астаналық жұртшылықтың назарына ұсынылады.

- Жаныма жақын тартқан бұл жанр өмірімнің ажырамас бөлшегіне айналды. Енді осы жобам арқылы Бразилия халқы Қазақстан туралы танып білсе деген арман-тілегі бар, - дейді Полина ханым.

«Қазақстанда» «Дара бала» мегажобасына кастинг жарияланды «Иә дедім»: сақинамен түскен суретін жариялаған Жарқынай Ханайым елді таңғалдырды Израиль әскерилері Газа секторында кепілге алынған үш адамның мәйітін тапты «Қарап отырып жылаймын»: Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО) TikTok Қытайдағы ең құнды брендке айналды Жыл басынан бері 19 бала есірткі таратқан: ІІМ үндеу жасады Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына өтемақы төленді «Санасыз еркектер кездеседі»: Айшолпан Байтүгел қоғамдағы қыз рөліне қатысты жанайқайын айтты (ВИДЕО) Кірпіні доп қылып ойнаған Ақтөбе тұрғындарының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО) Астанада 2 мыңнан астам адам аутист балаларды қолдап, қайырымдылық марафонына қатысты Биыл Атыраулық түлектерге 1200 мақсатты білім беру гранттары бөлінген «Ісім сендермен болсын». Ырысбала Икрамбай ұлы балабақшада шошынып қалғанын айтты (фото) «Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция жұқтырады»: желіде дау туғызған мәлімдемені дәрігерлер жоққа шығарды «Көп әйел алу заңға қайшы»: министрлік өкілдері Алматыдағы «тоқал» туралы даулы жарнамаға қатысты (ВИДЕО) Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған: Кәсіпкер Бас прокуратураға жүгінді (ВИДЕО) «Басымнан үш рет ұрды»: Астаналық алимент төлемеу үшін бұрынғы әйелін өлтіруге киллер жалдаған (ВИДЕО) Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды? Димаш Құдайберген Президент тарту еткен тазыны көрсетті Бетперде таққан жігіт жертөледе тұратын тағы бір отбасыны қуантты (ВИДЕО) Жаңбыр, бұршақ, өрт қаупі: 18 мамырға ауа райы болжамы жарияланды