«Қазақстан халқына» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы қайта сайланды
Ашық дауыс беру нәтижесінде мемлекет және қоғам қайраткері Қайырбек Сүлейменов «Қазақстан халқына» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы қызметін қайта қолға алатын болды.
12 маусым күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста 2022 жылдың қаңтар айынан бері Қамқоршылық кеңесінің төреағасы болған Қайырбек Сүлейменовті бірауыздан Қор Жарғысының 5.6-тармағына сәйкес қайта кеңес төрағасы етіп сайлады, деп smartnews.kz хабарлайды.
Қайырбек Сүлейменов бұған дейін «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы қызметін атқарған болатын.
Айта кететін жайт, Қамқоршылық кеңес Қор қызметі мен стратегиялық бағыттарын, сондай-ақ оның міндеттерін жарғылық мақсаттарына сәйкес орындауды жалғастыра бермек.