1194

Қазақстан Ресейдегі су тасқынына ықпал етіп отыр ма: министрлік ресейлік шенеуніктің сөзіне жауап берді

Ресей президентінің Ресей Федерациясының Орал федералды округіндегі өкілетті өкілі Владимир Якушев Қазақстанды Ресей аймақтарындағы су тасқыны үшін айыптады.

Қазақстан Ресейдегі су тасқынына ықпал етіп отыр ма: министрлік ресейлік шенеуніктің сөзіне жауап берді
TASS

– Бізде осындай қыс болған кезде, қардың жеткілікті мөлшері жинағалнда әрі су қоймасында судың жеткілікті үлкен қоры жиналған кезде әріптестерімізбен [Қазақстаннан] дұрыс және біркелкі болуы үшін су қоймаларындағы суды ағызу келісілген, - деді Владимир Якушев РБК-ға берген сұхбатында.

Владимир Путин өкілінің пікірінше, ағынды су реттелсе, Ресей Федерациясының Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқыны мәселесін болдырмауға болады.

Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі Ресей президентінің Уральск федералдық округінің өкілетті өкілі Владимир Якушевтің мәлімдемесіне жауап қатты. 

"Тобыл өзенінің бойындағы су Ресейден келеді. Тиісінше, су жіберу туралы шешім Ресей тарапынан келетін ағынға сай қабылданады. Сондықтан, Қазақстан Ресейдегі су тасқынына әсер етеді деп айту дұрыс емес. Бұл шындыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді Қазақстан тарабы.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, 2 сәуірден бастап Қазақстан жағы Ресей тарапына Тобыл өзені бойынша су өткізу жөніндегі шешімдер туралы ақпарат беріп отыр.

"Тараптар тәулік бойы су ағынының ұлғаюына немесе азаюына қарай мәлімет алмасады. Сол себепті кез келген келісілмеген әрекет туралы сөз жоқ. Қазақстандық тарап Ресей жағымен сыйластық, көршілік әріптестік рухында ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға, ақпарат алмасуға дайын", - делінген хабарда.