Қазақстан жол апатынан өлім-жітім бойынша рекордтық көрсеткіш орнатқан

07.02.2025, 12:48
639
Қазақстан жол апатынан өлім-жітім бойынша рекордтық көрсеткіш орнатқан Canva / Andrew Poplavsky

Елде жол апаты күрт көбейген. Оған себеп ескі көліктер, сапасыз жол мен жол ережесін өрескел бұзу.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсіп, 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артты. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сүйенсек, 2024 жылы 31,6 мыңнан астам ЖКО тіркеліп, 40 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Тәуелсіз сарапшы Ерлан Каримовтың пікірінше, бұл жағдайдың басты себептерінің бірі – жол жүру ережелерін сақтамау және инфрақұрылымның нашарлығы.

Қазақстанда жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін жиі бұзуы және жол сапасының төмендігі – ЖКО санының артуының негізгі факторлары. Жолдарымыз халықаралық стандарттарға сай келмейді, бұл әсіресе өңірлердегі трассаларда қатты байқалады, – дейді ол.

SDG Index 2024 деректері бойынша, Қазақстанда 100 мың адамға шаққанда ЖКО-дан қаза тапқандар саны – 12,2 адам. Бұл көрсеткіш көптеген елдерден жоғары.

  • Түркияда – 6,5 адам,
  • Аргентинада – 8,8 адам,
  • Ресейде – 10,6 адам.

Әлемдік банктің 2019 жылғы деректері бойынша, Қазақстан жол сапасы бойынша бірқатар елдерден артта қалып отыр. 2019 жылы Қазақстан жол сапасы көрсеткіші бойынша 100-ден 79,3 балл жинаған. Ал Қытайда бұл көрсеткіш 95,7 балл, Аргентинада 94,5 балл, Ресейде 85,7 балл болған.

Экономистердің есебінше, Қазақстан экономикасына жыл сайынғы ЖКО-дан келетін шығын 7 миллиард АҚШ долларынан асады.

ЖКО салдарынан келген экономикалық шығын елдің ЖІӨ-нің айтарлықтай бөлігін құрайды. Бұл инфрақұрылымды дамытуға, медициналық көмек көрсетуге және сақтандыру шығындарына үлкен әсер етеді, – деп атап өтті Каримов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды