Қазақстанда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді

05.04.2024, 09:18
625
Қазақстанда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді ашық дереккөзден

83 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заңы) 101-бабының 3-1-тармағына сәйкес шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау (қосымша сайлау) наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі.

2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қалыптасқап бос орындарды ескере отырып, республиканың 14 өңірінде (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары) тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 83 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындады.

Барлығы 3 облыстық, 20 қалалық және 60 аудандық мәслихат депутаттары сайланатын болады.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес мәслихат депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтар ұсынады.

Мәслихат депутаты болып сайлану үшін азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуы тиіс.

Осылайша, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар, сондай-ақ сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамдар сайлану құқығына ие бола алмайды.

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну а.ғ. 31 қаңтардан бастап 29 ақпанның сағ. 18:00 дейін өтеді. Кандидаттарды тіркеу а.ж. 5 наурызда сағ. 18:00 аяқталады.

Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес тиісті аумақтық сайлау комиссиялары шығып қалғандардың орнына сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауды тағайындайды, округтік және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық жасайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды, мәслихаттардың депутаттарын сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Округтік сайлау комиссиялары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыруды мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты, сондай-ақ олардың қызметiнің Сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды