«Қазақстанды Өзбекстанмен салыстыруға келмейді»: Ермахан Ибраимов өзбек боксы енді ғана дамып жатқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
14.08.2024, 10:15
1369
«Қазақстанды Өзбекстанмен салыстыруға келмейді»: Ермахан Ибраимов өзбек боксы енді ғана дамып жатқанын айтты жеке парақшасынан

Ибраимов елді сабырға шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Париж Олимпиадасындағы сәтсіздікке қатысты өз пікірін айтты.

Ермахан Ибраимов қазір Қазақстан спортында буын алмасу кезеңі жүріп жатқанын, 2028 жылғы Олимпиада ойындарында чемпиондардың көп болатынын айтып, елді сабырға шақырды.

«Бір цикл ғана бойынша Қазақстанды Өзбекстанмен салыстыруға келмейді. Ұзақ жылдар бойы жеткен жетістіктерге де қарау керек. Қазақстанда қазір ізбасарлар сабақтастығы белсенді алмасып, жаңа есімдер пайда болып жатыр. Бұл біздің болашақ чемпиондарымыздың тәжірибе жинақтап, іріктелер кезеңі. Лос-Анджелесте талай жеңістерге қол жеткізетіміз сөзсіз. Қазір Өзбекстанда олимпиадалық шыңырау шегі. Өзбекстанның мықты спортшылары екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанып жатыр. Біздің басымыздан да кезінде шарықтау сәттері өткен. Көршілеріміз жеткен жетістіктері үшін, спортты дамытуда мүмкіндікті сәтті пайдалана алғаны үшін қуанумыз керек. Әлем бір қалыпта дамымайды – бұл қалыптасқан заңдылық», - деп жазды Ермахан Ибраимов өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы – бір күміс, әйелдер құрамасы – бір қола медальға қол жеткізді. Ал Өзбекстан боксшылары бес алтын медаль жеңіп алды.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды