Қазақстандық миллениалдар қазіргі заманды қалай өзгертіп жатыр?

08.11.2024, 13:13
813
Қазақстандық миллениалдар қазіргі заманды қалай өзгертіп жатыр? коллаж smartnews.kz

Алматыда Виктор Елисеевтің «Дети 90-х» зерттеу кітабының таныстырылымы өтті.

қарашада Алматыда автор және маркетинг бойынша сарапшы Виктор Елисеевтің бірегей зерттеуі - «Дети 90-х» кітабының тұсаукесері өтті.

Миллениалдар ұрпағына арналған бұл басылым 1986-2000 жылдар аралығында туылған адамдардың өзара ықпалдасу ерекшеліктері, медиа саласында не қалайтындықтары және құндылықтары терең әрі жан-жақты тұрғыдан зерделенген еңбек.

Миллениалдар Қазақстанның еңбекке қабілетті халқының 63% және жасы 24-тен 37 жасқа дейінгі Қазақстан тұрғындарының 23% құрайды. Қазақстанда миллениалдардың 60% астамы экономикалық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуда. Миллениалдар Қазақстанның стартап-экожүйесінің негізгі қатысушыларына айналды: жаңа кәсіпорындармен бизнестің 70% астамын дәл осы буынның өкілдері құрап отыр. Олар дәстүрлі салаларды түрлендіруде маңызды рөл атқара отырып, тәуекелге баруға, жаңа тәсілдерді қолдануға және оны енгізуге дайын.

Менің ойымша, көптеген адамдар үшін қазақстандық миллениалдардың бойында өзін-өзі бағалаушылық сезімі жоғары болғанымен, депрессияның да деңгейінің жоғары болатындығы күтпеген жайт болар. Оларда еркіндік көбірек. Цинизм да көбірек. Бұл ұрпақтың амбициясы мен арманы зор, бірақ олар оны шындыққа айналдырудан жасқанады. Қазақстандағы миллениалдар отбасылық және мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Үлкен адамдарға деген көзқарастары бөлектеу. Еңбек етуге деген де көзқарастары өзгешелеу. Миллениалдардың 90%  астамы бір компанияда үш жылдан артық жұмыс істемейді, - дейді «Дети 90-х» кітабының авторы Виктор Елисеев.

Бұл жұмыс автор жүргізген екі жылдық зерттеуге негізделген, оған сауалнамалар мен сұхбаттар арқылы 400-ден астам қазақстандық қатысты. 2017 жылы Цюрихте миллениалдардың қазақстандық компаниялардың дамуына әсері тақырыбында Елисеевтің докторлық диссертациясының қорғауы өткен болатын.

Автор әлеуметтік-мәдени түрлендірудің қазақстандық миллениалдардың тұлғалық және кәсіби амбицияларының қалыптасуына әсерін талдайды.

7 қарашада «Santa Barbara» ностальгиялық клубында екі жүзден астам қонақтың қатысуымен кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл Виктордың достары мен әріптестері, қоғам қайраткерлері, эстрада жұлдыздары, медиасфера  мен бизнес өкілдері.  

Тиімді жұмыс істеу үшін әр түрлі жастағы топтарға деген көзқарасты сақтай алу аса керек екенін ескеру қажет. Иә, миллениалдар ақпарат ағынында өте жақсы бағдарланған, ақпарат көлемі үлкен болса да, қажетті деректерді тез таба алады. Егер аға ұрпақ буын жоғары жалақы үшін жұмыс істесе, миллениалдар үшін жұмыс олардың өмір салтын қолдауы тиіс және жеке мақсаттарын жүзеге асыра алуымен маңызды. Виктор Елисеевтің кітабы миллениалдар үшін ғана емес, басқа да ұрпақ өкілдері үшін  қызықты болады, - деді іс-шара қонағы, Алматы мәслихатының депутаты, кәсіпкер және журналист Қарашаш Жүзеева.

Автор негізгі ұрпақтарды егжей-тегжейлі сипаттайды. Миллениалдармен қатар  олар бэби-бумерлер (1946-1964 жж. туылғандар), X ұрпағы (1965-1986 жж. т.), Z буыны (1997-2012 ж. т.) және альфа буыны - (2013-2025 ж. т.)

Виктор Елисеевтің кітабы-қоғам, экономика білім, медианың түрленуі иірімінде біздің балаларымыздың бірнеше ұрпағының қандай метаморфозаларға ұшырағанын түсіндіре алатын көптен күткен зерттеу... Қалыптасқан стереотиптерді жоққа шығара отырып, ол миллениалдар ұрпағын түсінуге жол ашатын бизнес иелері мен топ-менеджерлеріне «кілттер» арсеналын ұсынғандай». «Дети 90-х» - ұрпақтар арасындағы  кикілжіңдерді жеңілдету және жұмсақ реттеу үшін пайдалы зерттеу, - деп ойымен бөлісті іс-шара қонағы, Family Capital Institute мұрагерлік жоспарлау жөніндегі кеңесшісі Ермек Рүстембекұлы.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды