Қазақстандық оқушылар «IJSO» халықаралық жаратылыстану ғылыми олимпиадасына қатысуда

04.12.2023, 19:37
727
Қазақстандық оқушылар «IJSO» халықаралық жаратылыстану ғылыми олимпиадасына қатысуда gov.kz

Бангкок қаласында Жасөспірімдер арасындағы «IJSO» халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы басталды.

Smartnews.kz сайтының мәліметінше, олимпиада үш кезеңнен тұрады: тест, теориялық және эксперименттік, онда қатысушылар физика, химия және биология бойынша білімдерін көрсетуі керек.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының атынан алты оқушы қатысады:
Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы, Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9 сынып оқушысы, Дария Бектұрсын, Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Павлодар қаласы, Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы, Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8 сынып оқушысы, Иван Рудик, Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы, Павлодар қаласы.

Құрама команданың жетекшілері:
Самат Максутов, PhD доктор, Сүлейман Демирел университетінің доценті,
Аскар Мажикенов, Назарбаев Университеттің магистранты.

Айта кетейік, Жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) 2004 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
2022 жылы Қазақстан құрама командасы 1 күміс және 5 қола жүлделеріне ие болды.

IJSO - ға қатысқан барлық жылдары Қазақстан құрама командасы 53 жүлдеге ие болды, оның ішінде: 2 алтын, 9 күміс және 42 қола.

Олимпиаданың қорытындысы 9 желтоқсанда жабылу салтанатында жарияланады.

«Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті «Тіркеліп үлгеру керек»: Халық Дәулет Мұқаевқа тұсау кестіру үшін кезекке тұрып жүр Енді «Мисс Қазақстан» байқауына трансгендерлер қатыса алады Қостанай облысында мысық тістеп алған әйел қаза болды Франция мен Испания Ресей азаматтарына виза ережелерін қатаңдатты «Қыздар сияқты жүзік сұрай салмадым»: Баян Алагөзова күйеуінен мәһрге не алғанын айтты Қаржы министрлігі табысын жасырған 438 блогерге қатысты тексеру жүргізбек Илон Маск «нашақор» деген айыптан кейін тест нәтижесін желіге жариялады Министр Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын айтты «Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты