Қазақстанның Халықаралық кинологиялық федерацияға (FCI) қосылуы Швейцарияда талқылануда

21.08.2023, 17:02
591
Қазақстанның Халықаралық кинологиялық федерацияға (FCI) қосылуы Швейцарияда талқылануда Қазақстан кинологтары одағы

Бүгін Женевада Халықаралық кинологиялық федерациясы Бас ассамблеясының отырысы басталды. Жиында талқыға шығарылған мәселелердің бірі ретінде Қазақстан кинологтары одағын Федерацияның толыққанды мүшелігіне қабылдау қарастырылып жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Дауыс беру рәсіміне 77 мемлекет қатысады. Қазақстанның үміткерлігіне қатысты оң шешім қабылдануы үшін олардың басым бөлігі қолдау білдіруге тиіс.

Қазақстан кинологтары одағы үшін FCI мүшесі болу өте маңызды болмақ, себебі мүше мемлекет ретінде қазақы ит тұқымдары тазы мен төбетті халықаралық деңгейде таныту үшін федерацияға өтініш бере алады.

Екі күнге созылған Бас ассамблеяның отырысынан кейін «World Dog Show-2023» дүниежүзілік чемпионаты басталады. Тарихта алғаш рет бұл чемпионатқа Қазақстаннан барған тазы тұқымды екі ит қатысады.

2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдарға ұлттық ит тұқымдары – қазақы тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ оларды төлтума қазақы ит тұқымдары ретінде халықаралық деңгейде танытуды тапсырған болатын.

Бұл мәселені ҚР Президенті Іс басқармасы өз қарауына алып, жұмысты жүйелі түрде шешу үшін мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестірумен шұғылданды. Президент тапсырмасы бойынша тиісті Жұмыс тобы құрылып, Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілетті орган ретінде айқындалды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады