"Келінжан" фильміндегі актриса өнерден бас тартуға дайын екенін айтты

16.10.2023, 10:18
1081
"Келінжан" фильміндегі актриса өнерден бас тартуға дайын екенін айтты amangeldieva_sara

Жас әнші, актриса Сара Амангелді “Жұлдызды шаңырақта” бағдарламасында болашақ күйеуіне қарсы келмейтінін, отбасы үшін өнерін де тәрк етуге дайын екенін айтты.

Анна Данченконың: “Сіз сүйіп қалдыңыз, сол жанмен бас қостыңыз. Бірақ оның бірден бір талабы, сізді сахнадан да, кинодан көргісі келмейді. “Үйде отырып бала-шағамен айналыс, үйдің жылулығын сақта, мен күтіп ал” десе, ол сіз үшін бостандықтан айыру емес пе?” деген сауалға Сара: “Жоқ, олай деп ойламаймын. Бір-бірін жақсы көретін адам ауызбіршілікте, келісімде өмір сүреді. Ер адаммен ұрысып, жанжалдасқым келмейді. Егер оның қалауы сондай болса, дәл солай болады”, – дейді Сара Амангелді.

Өнер иесі отбасыны бірінші орынға қоятынын айтып, өнерде жүріп, өз құндылықтарынан айырылып қалғысы келмейтінін жеткізді.

“Иә, мен өнерге, шығармашылыққа ғашықпын. Басқа адамдар да солай жасаса мен қуанамын. Бірақ мен үшін ең бастысы, менімен бірге болатын – ұрпағым, болашақ күйеуім. Мен көбіне “өмір бойы” деген дүниелерге мән беремін. Сол себепті мен үшін ең бастысы, отбасымды, шаңырағымда барынша бақытты ету, сақтап қалу. Жұмыс бір күні бітеді. Ал отбасыны қайтара алмайсың. Құдайға шүкір, Алла бақ берді, халқым таниды. Білсе болды, ең бастысы абырой мен сыйластық. Оның бәрі өтіп кетіп, кейін өзің жалғызсырап қалған кезде “қап-ай” деп сан соғып қаласың”, – дейді әнші.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты