"Қидым қайшымен, ғұмырымның қалғанын": Заманбек Нұрқаділовтың соңғы батасы жарияланды

15.12.2023, 20:24
10909
"Қидым қайшымен, ғұмырымның қалғанын": Заманбек Нұрқаділовтың соңғы батасы жарияланды smartnews.kz

Бата саясаткер қайтыс болардан 3 ай бұрын жазылған

Smart News басылымының хабарлауынша, Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында "Зәкеңнің батасы" деп параққа жазылған өлең жолдарын жариялаған.

Заманбек Нұрқаділовтің өз қолымен жазылған бата 2005 жылдың 26 тамызында жазылған. Бұл саясаткер қайтыс болардан 3 ай бұрынғы уақыт.

Байқамаппын салмағын,

Өмір зілін, жалғанын.

Махаббат бар деп өзіңмен

От боп лаулап жанғанмын.

Жаным енді төзерсің,

Тағдырдың басқа салғанын,

Жақсы басар жаманды

Алла айтар талғамын.

Жаратқан ием қолдаса,

Күшейтер саған қорғанын.

Жау жеңіліп, сен жеңіп

Үзерсің шынжыр торларын.

Әсем ән әлі құлпыртар

Жарық айдың толғанын.

Елің көрер ертең-ақ

Мерей сендей болғанын.

Сендерге қидым қайшымен

Ғұмырымның қалғанын.

Өнерді мәңгі алғасың,

Алла берсін жалғасын!

Әумин!

Еске сала кетсек, Заманбек Нұрқаділов танымал саясаткер, қоғам қайраткері болған. Әр жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы, Алматы қаласының, кейіннен Алматы облысының әкімі қызметтерін, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаты қызметтерін атқарған.

2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде денесіндегі атылған үш оғымен өлі күйінде табылды. Екі оқ кеудесіне тиген, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады