"Қолыма билік тимесін деп тілеп қойыңыздар": танымал блогер мінбердегілерден әділдік сұрады

19.08.2023, 11:11
6783
"Қолыма билік тимесін деп тілеп қойыңыздар": танымал блогер мінбердегілерден әділдік сұрады

Қайырымдылықпен айналысатын блогер Ырысбала Икрамбай мұқтаж отбасыға тиісті көмек көрсетпеген тиісті мекемелерге шағымданды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Ерікті, әрі блогер Ырысбала Икрамбайдың көмек көрсетіп жатқан Оралбекова Гүлжан Қыдырбайқызына ауданда тиісті көмектер көрсетілмей келген. Блогер жылу жинап, жәрдем көрсетілмек болған Оралбекова төрт баланы асырап отырған жалғызбасты ана.

Блогер Шардара ауданының Алатау батыр ауылына Оралбековаға көмек көрсетуге келген соң ғана, ауыл әкімі отбасыға көмек көрсетілетіні туралы тапсырма берген. Сондай-ақ Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі балалардың біреуін мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін 40567 теңге берілмек. Ал қалған балаларға "Мектепке жол" акциясы арқылы демеушілер көмек көрсетпек.

Десе де, Ырысбала Икрамбай дәл осы 40567 теңге жәрдем ақының тек бір балаға берілуіне наразы болды.

- Құрметті Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі! Сіздер жазған нөмірі 64 қаулыны оқып шықтық. С.Кәттабеков мектебінің қамқоршылық кеңесі неге бұл отбасының 1 баласына ғана 40567 теңге берілген? Түркістан облысы әкімдігі! Шардала ауданы Алатау батыр ауылындағы әкесінен айырылған, анасы жұмыссыз отбасындағы мектеп жасындағы 3 баланың неге тек 1 балаға 40567 беріледі? Қалған екі бала жапырақ байлап бара ма, сабақты тасқа қашап жаза ма? С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің қамқоршылық кеңесі, мұндай шала қамқорлықтарыңыздың себебі неде? - деген сауал жолдады блогер.

Аталған Оралбекованың мәселесінен кейін блогер аудандағы әділетсіздікті тізіп кетті. Блогердің айтуынша, жастар дипломы мен білімі болса да, ауданда жұмыс таппай жүрген.

- Әлі де менің қолыма билік тимесін деп тілеп қойыңыздар. Түбімен қопарамын. Кемені жүгімен, түйені түгімен жегендердің бәрін құстырушы едім. Сатылған су, жер, жұмыс орындары, үкіметтен бөлінген, талан-тараж болған қаражат, судың да сұрауы болуы керек шығар. Мектепке комиссия, тексеріс келсе мұғалімдерден ақша жинап кітапханаға, директордың үйіне дастархан жайып, ішкізіп-жегізіп, қалғанын қалтасына салып жіберетін ескі системаларыңызды маған жасай алмаушы едіңіздер, Шардара ауданындағы барлық мектеп директорлары, - дейді блогер жеке Instagram парақшасында.

Айта кетсек, Ырысбала Икрамбай - 2 жылдан бері 80-ге жуық мұқтаж, көп балалы отбасыларға асарлатып баспана алып берген, сондай-ақ науқастарға жылу жинаған танымал блогер. Блогердің "Ырысты" қайырымдылық қоры арқылы елдегі әртүрлі мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіледі. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды