Қостанайдағы діни алауыздықты насихаттаған террорист 7 жылға сотталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жұмысын аяқтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.
Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.
Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.
2023 жылғы 20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.