ҚР Президентінің Телерадиокешені журналистерге арнап трениң өткізді

11.08.2024, 10:32
699
ҚР Президентінің Телерадиокешені журналистерге арнап трениң өткізді

Өңірлік журналистер ақпарат тарату саласындағы қабілеттерін шыңдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9-10 тамыз күндері ҚР Президенті Телерадиокешенінің ұйымдастыруымен Maqsut Narikbayev University қабырғасында Kazinform басылымының өңірлік журналистеріне арналған екі күндік семинар өтті.

Шараның мақсаты тәжірибе алмасып, оқыту мен ақпарат тарату саласындағы қабілеттерді шыңдау болды.

Екі күн ішінде семинарда журналистерге сарапшылар мәтін жазу, тақырыппен жұмыс, ашық дереккөздерден ақпаратты жинау және сараптау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ ҚР Президентінің ТРК мен Kazinform ХАА командасымен таныстыру және экскурсия жұмыстары ұйымдастырылды. Журналистер құрылымдық бөлімдермен танысып, басшылықпен тілдесіп, пікірталастарға белсенді қатысып, нәтижелі пікір алмасуға ықпал еткен сұрақтарын да қойды.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің Телерадиокешенімен бірлесіп ашылған Maqsut Narikbayev University-дің Халықаралық журналистика мектебіне экскурсия өткізілді. Бұл бірегей білім беру жобасы қазақстандық БАҚ үшін шығармашылық және техникалық мамандарды даярлауға бағытталған.

Іс-шара сондай-ақ Қазақстанның жетекші журналистері арасында білім алмасу және кәсіби байланыстар орнату үшін бірегей мүмкіндік бере алды. Бұл медиа-профессионалдарының желісін нығайтып, жалпы саланың дамуына ықпал етті.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды