«Кредитті төлемеу үшін пышақтап кетті»: 19 жастағы мүгедек жігіттің өліміне әскери қызметкер күдікті боп шықты

Аиса Махамбет Редактор
06.03.2025, 09:47
570
«Кредитті төлемеу үшін пышақтап кетті»: 19 жастағы мүгедек жігіттің өліміне әскери қызметкер күдікті боп шықты жеке мұрағатынан

Жасұлан Әбдіманаптың екінші топ мүгедектігі болған. Оны алдап несие алдырып, соны төлемес үшін 14 жерінен өлтіріп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

19 жастағы Жасұлан Әбдіманап 20 ақпанда үйінен моншаға шығып кетіп, үйіне оралмаған. Мүгедектігі бар бозбаланың мәйіті арада екі күн өткенде бір-ақ анықталды. Марқұмның жақындары кенже ұлын азаппен өлтіргендер бөтен емес өз ауылдастары екенін айтады.

Райхан Жамалованың ұлын жоқтап отырғанына 10 күннен асты. 20 ақпан күні Жасұлан анасына айтып, көрші үйдің моншасына кеткен. Содан оралмаған. Әр қадамын жақындарына ескертіп отыратын жігіттен түн ішінде байланыс үзіледі. Бір жамандықты сезген ана жүрек полицияға хабарлап, туған-туыспен іздеуге кірісіпті. Екі күнге жалғасқан іздеу жұмыстары өкінішпен аяқталды. Адам аяғы баспайтын жапан даладан 19 жастағы бозбаланың азапталған денесі табылды.

“Қайдағы бір көшенің бұзық балалары айдалаға апарып, баламның істеген жақсылығы үшін осындай аяусыздықпен 14 жерінен пышақ ұрып, жауыздықпен өлтіріп отыр және ешкім білмей қалады деді ма айдалаға апарып тастап, әрі қарай өздерінің кайфовать етіп жүрген олар дым білмегендей”, – дейді марқұмның анасы Райхан Жамалова.

Жасұлан Әбдіманаптың екінші топ мүгедектігі болған. Анасы төрт баланың кенжесінің басынан 8-сыныпта ісік алынғанын айтады. Ауыр дертті жеңген жігітті содан бері ауыр жұмысқа жекпеген жақындары оның өліміне өзінің мейірімділігі себеп болғанын айтады. Сөздерінше, өзінен үлкен ауылдастары аналарының ауырып жатқанын айтып, Жасұланға несие алдырған.

"Менің баламның бір-ақ айыбы олар менің баламды алдап, анам ауырып жатыр. Маған кредит бермей жатыр сенің каспиің таза болса, алып берші деп алдырған екен. Солар сөйтіп, 2-3 айдан бері менің балама кредит алдыртып жүрген екен. Оны менің балам бізге намыстанып айтпаған. Соны енді төлеңдер. Уақыты келіп қалды. Черныйға кіріп кетпейін үйдегілер білмейді деп айтқанға олар осы дәрежеге жеткізіп отыр менің баламды”, – дейді марқұмның анасы.

Жақындары Жасұланның бір емес бірнеше адам қолынан азаппен ажал құшқанына сенімді. Әзірге 19 жастағы мүгедектігі бар жігітті өлтірді деген күдікпен әскери қызметкер қамауға алынды.

"Қазақстан Республикасы ІІМ Оңтүстік өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Шымкент бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесінің 99-бабы 1-бөлігімен көзделген адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-131 баптарының тәртібімен ұсталды және күдіктіге қатысты тергеу соты 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді”, – делінген Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының хабарламасында.

Марқұмның анасы Райхан Жамалова ұлын айуандықпен өлтіргендердің барлығы жазасыз қалмауын талап етеді.

Қайрат Нұртастың әйелі балалары автобуспен жүретінін айтты (ФОТО) «Мені тойға шақыра бермеңдер!»: Астаналық бойжеткеннің видеосы желіде пікірталас тудырды (ВИДЕО) Мамырда Қазақстанның оннан астам өңірінде құрғақшылық болады Каспий жағалауында тағы да итбалықтар мен құстар қырылып жатыр (ВИДЕО) Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірді Токиода қазақтың күйін әуелеткен жапон музыканты жұртты тәнті етті (ВИДЕО) «Американың Невадасы жолда қалды»: Желіде Тұзбайырдың табиғаты көпті таңғалдырды (ВИДЕО) Макрон мен Мерц Ресейге санкциялармен сес көрсетіп, Украинаны қолдауға уәде етті «Талайды тірілттім»: Астанадағы парадқа кіре алмаған ардагер сұхбат берді Еуропаның төрт ел басшылары бітім тақырыбын талқылау үшін Киевке келді Баян Алагөзова алғаш рет кішкентай қыздарын көрсетті (ФОТО) Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды «Алаяқ банкирлер»: банк пен микрокредиттің қызметкерлеріне қатысты 61 іс тергеліп жатыр Димаш әйгілі әнші Лара Фабианмен дуэт орындайды Ақтөбе облысында жол апатынан автобус жүргізушісі қайтыс болды Белгілі ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде күміс жүлде алды Путин гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады Астанада Жеңіс күніне арналған «Бейбіт аспан астында» атты ауқымды мереке өтті