1320

Қуаныштан «Көк жигулиге» билеуге болады: Сметовтың бапкері ай сайын қосымша 4 миллион теңге алады

Елдос Сметовтың бапкері келесі Олимпиадаға дейін ай сайын 4 млн теңге қосымша жалақы алады. Мұндай шешім Жамбыл облыстық мәслихатының сессиясында қабылданды.

Қуаныштан «Көк жигулиге» билеуге болады: Сметовтың бапкері ай сайын қосымша 4 миллион теңге алады
жеке мұрағатынан

Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Елдос Сметовтың жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевтің жалақысына қыркүйек айынан бастап 4 млн теңге қосылды. Бұл Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі бұйрығына сәйкес жүзеге асты. 

Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары бұл - спортшылардың әлемдік додаларда жүлде алуына байланысты жалақысына автоматты түрде қосылатын төлем екенін айтады. 

Ал, Елдос Сметовтың жалақысына әл-әзірге ешқандай ақша қосылған жоқ. Сметов облыс әкімінің қаулысына сәйкес ең жоғары жалақы - 2 684 000 теңге алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Елдос Сметов пен бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің «Көк жигули» әніне билегені әлеуметтік желіге тарап, танымал болған еді.

Материал авторы