«Құжат арқылы дәлелдемесе, өтемақы бермейміз»: Министр шырша безендіруге жегілген мұғалім туралы

08.01.2025, 13:31
821
«Құжат арқылы дәлелдемесе, өтемақы бермейміз»: Министр шырша безендіруге жегілген мұғалім туралы SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Шырша безендіремін деп мертілген мұғалімге өтемақы беріле ме? Министр жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Семейде Жаңа жыл шыршасын әрлеп жүріп жарақат алған мұғалім туралы пікір білдірді.

— Мұғалімнің қосымша жұмысқа тартылғаны құжат арқылы дәлелденсе, жұмыс уақытында тартылған болса, өндірістік жарақат деп танылады. Ал құжат арқылы дәлелдеу мүмкін болмаса, ондай статус берілмейді және өтемақы төленбейді. Бұл заңның талабы.

Ешбір келісімшартсыз жұмысқа тартылған болса, жұмысқа жеккен адамдар заңды бұзғаны үшін жазаланады, — деді Тамара Дүйсенова. 

Сондай-ақ, журналист мұғалімдерді ерікті ретінде жұмысқа тарту қаншалықты заңды екенін сұрады. 

— Еріктілер туралы айтсақ, ол заң біздің министрліктің құзыретінде емес. Бірақ қажетті ұсыныс қажет болатын болса, міндетті түрде көтереміз. Құзыретті орган әрі қарай өзі қарайды. Нақты біздің министрлік ондай ұсыныс енгізуді жоспарлап отырған жоқ, — деді Ғани Бейсембаев.

Оның пайымдауынша, Педагог мәртебесі туралы заң мұғалімді басы артық жұмысқа тартудан толыққанды қорғай алады.

— Жалпы 2019 жылы қабылданған заңның шеңберінде жалпы мұғалімдерді қандай да бір өзінің мамандығына сәйкес емес жұмыстарға тартуға болмайды. Бұл заңның жергілікті орындарда қаншалықты орындалып жатқаны екінші бір мәселе. Мен тапсырма бердім. Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті департаменттеріміз бар. Солар түгелдеп, мониторинг жүргізіп жатыр. Аудандарда, әсіресе, алыс ауылдарда мұғалімдердің құқығы қаншалықты сақталып жатқанын тексереді, — деді министр.

Ғани Бейсембаев семейлік мұғалім бүгін ауруханадан шыққанын, оның хәл-жағдайы өзінің тікелей бақылауында екенін айтты.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)