«Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған?

23.11.2024, 10:44
952
«Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? көрнекі фотосурет / Stock Photo

15 жастағы оқушы қызды өгей әкесінің зорлығынан сынып жетекшісі құтқарып қалып отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева қызбен және оның отбасымен кездескенін айтты.

«Мен қызбен кездестім, анасымен және сынып жетекшісімен сөйлестім. Сынып жетекшісінен бұл қызға неге назар аудардыңыз? Ол басқалардан ерекшеленді ме? Оның мінез-құлқында өзгешелік болды ма? деп сұрадым. Сынып жетекшісі «Жоқ» деп жауап берді. Бұл оқу бөлімінің тапсырмасы болған. Әрбір мектепте арнайы бақылауға алынуы керек отбасылардың тізімі бар. Баланы өгей әкесі тәрбиелеп жатқандықтан, ерекше назарға алынған.

Сыныпта ондай төрт оқушы болған. Сынып жетекшісі төртеуінің де отбасына барған. Тек осы оқушының отбасында өгей әкесінің мінез-құлқы ұнамаған. Сынып жетекшісі ер адамның балаға көзқарасын байқап қалған. «Бұл әкенің балаға деген көзқарасы емес, ер адамның әйеліне деген көзқарасы сияқты еді» дейді ол. Сондықтан сынып жетекшісі қызды назарға алған», – дейді Шәкенова. 

Бұл жағдайға Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина да түсініктеме берді.

«Өгей әкесінің кәмелетке толмаған 9-сынып оқушысына зорлық-зомбылық көрсету фактісін сынып жетекшісі анықтады. Сынып жетекшісі отбасыларға бірнеше рет барған. Оған қоса сынып жетекшісі мен оқушы бір көшеде тұрған. Мектептен бірге қайтқан. Үйге қайтып бара жатқанда, мұғалім қыздың жағдайын, оның өмірінде қандай қиыншылықтар болып жатқанын біліп, сөйлескен.

Бойжеткен бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан оқиғаны сынып жетекшісіне айтуды жөн көрді. Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижелері қосымша хабарланатын болады», - деді Самал Айтқазина.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды