832

«Қызының атынан анасына «Мен сабақтамын» деп жазған»: 17 жастағы гимнаст қызды өгей әкесі өлтіріп кетті

Марқұм көркем гимнастикадан спорт шебері атағын алған санаулы спортшылардың бірі еді.

«Қызының атынан анасына «Мен сабақтамын» деп жазған»: 17 жастағы гимнаст қызды өгей әкесі өлтіріп кетті
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бішкекте 17 жастағы гимнаст Дарья Попова өгей әкесінің қолынан қаза тапты.

Дарья Попова – көркем гимнастикадан спорт шебері атағын ерте жаста алған санаулы спортшылардың бірі болған. 

30 қазан күні Дарья мектепке келмеген, алайда таңғы сағат 7:38-де қыздың нөмірінен анасына "Мен сабақтамын" деген хабарлама келген. Бірақ арнайы қосымшадағы қыздың мекенжайы мүлдем басқа жерді көрсетіп тұрған. Қыздың анасы полицияға қыздың ұрланғаны туралы дереу хабарлаған. 

Бейнебақылау камераларынан қыздың өгей әкесінің Дарьяны көшеде қалай қуып жетіп, жерге құлатып, кейін көлікке отырғызғанын көруге болады. Сол күні кешкісін қыздың мәйіті Бішкек шетінде, Таштар-Ата ауданында табылды. Ал қыздың өліміне басты күдікті Балықшы қаласында ұсталған.

Қырғызстанның бас прокуратурасы оқиғаға қатысты “адам ұрлау” және “адам өлтіру” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, өгей әкенің қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ өгей әкенің бұған дейін де кісі өлтіргені үшін сотталғаны анықталды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор