Ләйлә Сұлтанқызы қыз алып қашу жайлы қызық оқиғасымен бөлісті

08.08.2023, 13:58
731
Ләйлә Сұлтанқызы қыз алып қашу жайлы қызық оқиғасымен бөлісті sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қыз алып қашуға байланысты пікір білдірді. Ол 16 жасқа толғанда әкесінің Алматыға оқуға алып кеткенін және қатарластарының көбін мектеп бітіре сала алып қашқанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Тележүргізуші бұл жайлы Instagram парақшасында жазды.

"Енді "алып қашу" деген болмайды. Бір қызық оқиға есіме түсіп тұр. Бұрын қызы мен анасы "егер сені еркіңнен тыс алып қашса және сенен өз еркіммен келдім деген қолхат алатын болса, 3 леп белгісін қой. Ал егер шын сүйіп қосылсаң бір леп белгі қой" деп келіскен ғой. Сөйтіп, әлгі қызды аяқ астынан танымайтын жігіт алып қашып кетіп, қолхат жаздырып алады. Оны қуғыншыларға берсе, хаттың соңында үш леп белгі тұр екен. Оны көрген анасы қызын алып қайтыпты", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар тележүргізуші өзін мектеп бітірген бойда алып қашып кетпеуі үшін әкесі Алматыға оқуға алып кеткенін де баяндап берді.

"Қыз алып қашудың жазасы күшейтілетінін оқып, есіме әкем түсіп отыр. 16 жасқа толғанда жалғыз қызын алып қашып кетер деген уайыммен, мені мектеп бітірген күні Алматыға оқуға алып кетті. Сол кезде көрші-қолаңның қыздары бірінен соң бірі өз еркімен, еркінен тыс тұрмысқа шығып жатты. Сонда әкем өмірде орнын дұрыс тапсын деген уайымдаған ғой.

Сол кезде алып қашу, қинап қалдыру, әженің табалдырыққа жатуы, бауырсақ шашуы сияқты әрекеттер жасайтын. Сол уақытта оны қалыпты жағдай деп ойладық қой. Ол кезде де арызданушылар да болды. Оның өзін тек жүрек жұтқандар мен ұятты ысырып қойғандар ғана істеді.

Қазір ешкім бұлай істемейді. Ұл да, қыз да ақылды деп ойлаймын. Қыздар "қазір ерте тұрмысқа шығып, балалы болу негізгі мақсат емес. 25 жастан кейін асықпай тұрмысқа шыққан жөн. Оқып, ел-жер көріп, дамып, жағдайымызды жасауымыз керек" дейді", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды