Лизингке деген сұраныс ұсыныстан бірнеше есе артық – Нұрлан Ноғайбеков

23.11.2023, 10:45
522
Лизингке деген сұраныс ұсыныстан бірнеше есе артық – Нұрлан Ноғайбеков

Қазақстанда лизингке сұраныс ұсыныстан 3 есеге артық, ал ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне деген сұраныс 6 еседен жоғары. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Лизинг ауыл шаруашылықтың дамуына қалай әсер етеді, бизнес үшін қандай артықшылықтар мен кемшіліктері бар және жалпы осы қаржыландыру құралы туралы толығырақ Merz Leasing компаниясының бас директоры Нұрлан Ноғайбековпен сұхбаттан оқыңыз.

Лизинг дегеніміз не және оның стандартты несиелеуден айырмашылығы неде?

Лизинг дегеніміз құнды мүлікті жалға беру және оны кейін сатып алуға мүмкіндік беру. Оны негізінен арнайы техника мен жабдықтар және автокөліктер немесе жылжымайтын мүлік алуда пайдаланады. Лизингтік компания өз кезегінде бұл активті тегін бермейді, оны белгілі бір мерзім және белгіленген пайызбен жалға береді.

Несиеден үш негізгі айырмашылығы бар. Несие кезінде кәсіпкер меншік құқығын өз атына рәсімдейді. Ал лизингте олай емес, мұнда активтің иесі лизингтік компания болып қала береді. Екіншіден, несие кезінде әдетте қосымша кепіл талап етіледі, ал лизингте активтің өзі кепіл болып есептеледі. Үшіншіден, лизингтік компаниялар пайыздарды өтеу кестесіне анағұрлым икеммен қарайды.

Лизинг кәсіпкерлерге неге тиімді және оның кемшіліктері бар ма?

Кәсіпкер бизнесті бастаған кезде мүлікті сатып алмай, оны аз пайызбен жалға алуы мүмкін. Яғни, ол бизнеске қажет мүлікті алады және оны біртіндеп төлейді. Бизнес жабылған жағдайда, ол үлкен шығынға ұшырамауы мүмкін.

Басты кемшілік - Қазақстанда лизингтік өнім ұсынысының саны әлі де көп емес. Біздің есептеуіміз бойынша, Қазақстанда лизингке деген сұраныс, ұсыныстан 3 есеге көп.

Еліміздегі лизингтік компанияларға қаржы реттеушісінің лицензиясы керек пе?

Қазақстандық реттеу тұрғысынан бизнестің бұл түрі лицензияланбайды. Сіз ЖШС немесе АҚ ашып, екінші күні-ақ лизингтік операциялармен айналыса аласыз. Бірақ егер сіз «Астана» халықаралық қаржы орталығын компанияны тіркеу алаңы ретінде таңдасаңыз, онда қызметтің бұл түрі лицензияланады. АХҚО-ның өз артықшылықтары бар, олар бізге әжептәуір ыңғайлы болды.

Біріншіден, АХҚО-ның реттеу бөлігіндегі барлық ережелері 2066 жылға дейін бекітілген, яғни сіз бір рет тіркелесіз және келесі 40 жыл бір құқықтық режим бойынша жұмыс істейсіз. Біздің компанияның акционерлері швейцариялықтар, ал олар осы ыңғайлы шарт үшін ойланбастан АХҚО-ны таңдады.

Процестер жағынан да тіркелу ыңғайлы екен. АХҚО жанында арнайы Экспат орталығы жұмыс істейді, ол бір терезе қағидаты бойынша барлық қажетті қызметтерді көрсетеді. Біз тек құжаттарды жинадық, сұратқан қағаздарын өткіздік, белгілі бір процедуралардан өткеннен кейін бірден өз қызметімізді бастап кеттік.

Және үшіншіден, шетелдік азаматтар немесе инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды ерекше атап өткім келеді. АХҚО қатысушы компаниялардың шетел азаматтарына арнайы визаны және еңбек режимін ұсынады. Біздің акционерлеріміз, Швейцария мен Германия азаматтары еді, олар Қазақстанға келу және осында болу үшін жеңілдетілген рәсімдерден өтті.

Компанияларыңыз ауыл шаруашылығына және құрылысқа арналған техниканы лизингке беру қызметтерін ұсынады. Неліктен осы сфералар таңдалды?

Ең алдымен, әрине біз бизнес мақсатын көздедік. Байқағанымыздай, Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне деген сұраныс ұсыныстан 6 есеге асады, ал әрбір 10 техниканың 8-і ескірген екен.

Екінші себеп, ауыл шаруашылығында мемлекеттік субсидиялаудың белгілі бір ережелері жұмыс істейді, бұл өз кезегінде фермерлерге тиімді. Мысалы, фермер тракторды лизингке алса, оның құнының 25%-на дейін мемлекет төлеп беруі мүмкін.

Тұрақтылық та біздің осы салаға келуімізге себеп болды. Тәжірибе көрсеткендей, нақты шағын және орта бизнес ұзақ уақыт ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, өйткені мұнда ондаған жылға дейін алға қойылған ұзақ бизнес циклі бар. Кез-келген басқа бизнесте жоспарлау көкжиегі бұған қарағанда едәуір аз десе болады.

Ал құрылысқа келер болсақ, бұл сала Қазақстанда ілеспес жылдамдықпен дамып, қарқын алуда. Тұрғын үйлер, жолдар, өнеркәсіптік нысандар әлі де көп салынатын болады. Бизнес циклі ауыл шаруашылығына қарағанда төмен болса да, мұнда сапалы техникаға деген сұраныс өте жоғары деңгейде десек қателеспейміз.

Аймақтарда ауыл шаруашылығы қалай дамуда және оның өсу нүктесі бар ма?

Қазір ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту қажет. Сондай-ақ, фермерлер ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде табиғи жағдайларға аз тәуелді болатын стратегияларды таңдау керек екенін жақсы түсінеді. Яғни, қазір суды үнемдеуге мүмкіндік беретін суару техникасын сатып алудың сұранысы байқалады. Қазақстандағы судың 70%-ы ауыл шаруашылығында жұмсалады және бұл көлемнің жартысына жуығы ысырап болып, жоқ жерге жұмсалып кетуі ғажап емес. Суару жабдықтарын дақыл көбірек суды қажет ететін жерлерде қолданған дұрыс, ол картоп, сәбіз, бидай егістіктері болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл фермерлерге суды үнемдеуге және гектарынан төрт-бес есе көп өнім жинауға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық және құрылыстағы қандай инновациялар тиімділікті арттыруға көмектеседі?

Әрине, бұл жаңа технологиялар. Егістік алаңын елестетіп көріңізші,  алдымен жер жырту керек, содан кейін дән себу керек, кейін егін жинау керек және т.б. сияқты машақаттар бар.  Енді технологиялар мен арнайы бағдарламалық жасақтама мұны қашықтықта әрі аз уақыт ішінде қалай жасау керектігін есептеп береді. Осындай технология отын немесе тұқым шығынын азайтады. Бұл фермер үшін шығындарды үнемдеуге көмектеседі және айналаға оң әсер етеді.

Технология сонымен қатар процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Тракторлардан, комбайндардан деректер алынады және оны талдауға мүмкіндік береді.

Енді техника белгілі бір жерде температураны, ылғалдылық деңгейін бақылайтын белгілі бір датчиктерді қоюға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде егістікте не болып жатқанын анық көруге және нәтижелерді болжауға алып келеді.

Жақын келешекте жасанды интеллекттің әсері анағұрлым байқалып, соның нәтижесінде процестердің операциялық бөлігі адамдардың қатысуынсыз атқарылатынына сенімдімін.

Лизингтік компаниялар тұрақты дамудағы өзекті күн тәртіпке, ESG қағидаттарына, жасыл экономикаға қалай жауап бере алады?

Бүгінгі таңда электр көлігінің үлесі айтарлықтай сезіледі және олардың саны ілгеріде тек арта береді. Қазір тоқ күші,  электр энергиясымен жүретін экскаватор, комбайн, трактор секілді ауыр техникалар шығарыла бастады, мұндай брендтердің арқасында қоршаған ортаға зиян тигізу де азаяды.

Сондай-ақ жоғары сапалы техниканы жеткізу және ауыл шаруашылығын қаржыландыру фермерлер шығындарының азаюына алып келеді, соның ішінде жанар-жағармай, тұқым, гербицидтерге аз қаражат жұмсалатын болады.

Әрине, суды үнемдеу мәселесі өте маңызды. Жақсы суару жабдықтарын сатып алып, оны диқандарға ұсыну арқылы біз бүкіл ел бойынша су шығынын азайта аламыз.

«10 жыл күткен баламын»: Фариза Төреәлі туған күнін Парижде тойлады Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды «Жанды дауыс»: Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында ән шырқады Микрофон дауы бай мен кедей шайқасына айналған жоқ па «Ештеңе жасырмаңыздар»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (видео) «Мектеп әкімшілігі істі жасырып әлек»: Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысының соққыларынан көз жұмған баланың жақындары әділдік сұрайды «Көздің қарашығындай сақтауға тырысайық»: Төреғали Төреәлі отандастарына үндеу жасады Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео) Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады «Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды