Мәдениеттілік — адамның рухани өрісі

27.09.2023, 16:19
735
Мәдениеттілік — адамның рухани өрісі canva.com

Көшеде жүріп-тұру мәдениеті жеңіл-желпі қарайтын нәрсе емес.

Елдің айнасы – сол елдің адамдары. Адамына қарап елін таны деген де бар емес пе? Мәдениеті жоғары елдің адамдары көшеде олпы-солпы болып жүрмейді, жол жиегіне немесе көгалға түкірмейді, темекінің қалдығын аяғының астына тастамайды, балағат сөз айтпайды. Біздің еліміз де ең болмағанда көшеде мәдениетті болайық деген ниетпен тазалық сақтауға және балағат сөз айтпауға байланысты заңдарды қабылдады. Дегенмен әзірге түзеліп жатқан жағдай жоқ. Қаншама адам ұсталып, айыппұл төлесе де тұрған жерінде былш еткізіп түкіре салатындардың, темекісінің қалдығын лақтырып кететіндердің немесе бір-бірін көшені басына көтере сықпырта балағаттайтындардың азаятын түрі жоқ. Қайта күннен-күнге өршіп бара жатқандай. Мұның ең жаман жері – жас балалардың көзінше жасалатыны. Үлгі-өнеге кеміп, мәдениетсіздік артып барады.

Мәдениеті мен ілім-ғылымы басым деген Алматы қаласының өзі оңып тұрған жоқ. Кейінгі бір-ақ аптаның ішінде көшеге түкіріп кеткен қисапсыз адамның ішінен 100-ден астамы анықталыпты. Қалада 15-22 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластау деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында полицияның бір апталық рейді жүргізілген екен. Жалпы, полицейлердің алдынан қоғамдық орынды ластаудың 234 оқиғасы шығыпты. Соның 103 оқиғасында адамдар тегіс, таза жерге немесе жол жиегімен шектесіп жатқан сәнді көгалға түкірген. 103 адамның бәріне айыппұл салынған. Айыппұл 1 миллион 770 мың теңгені құрапты.

Алматыда жыл басынан бері түкіріп, қоқыс шашып немесе басқа да әрекетпен қоғамдық орынды ластаған 5000-ға тарта адам жауапкершілікке тартылған. Олардан 85 миллион теңгедей айыппұл өндірілген.

Қоғамдық орынды ластаудың тұрпайы көріністері өзге өңірлерде де аз емес. Мұндай мәдениетсіздікпен барлық жерде күрес жүріп жатыр. Жақында Астана қалалық мәслихатының депутаттары жерге түкірген адамға жазаны қатаңдатуды ұсынды. Енді түкірмей жүре алмайтындарды бейнекамера жіті бақылайтын болады деп жатыр. Ал егер көліктің ішінде отырып, жол үстіне түкірсе, олар бейнекамераға түскен көлігінің нөмірі арқылы анықталады.

Қазір заң бар, көпшіліктің жүретін жерін ластаған адам анықталады, әкімшілік жазаға тартылады. Ал заң жоқ кезде әкімдіктер тұрғындарды тазалық сақтауға үндеумен ғана шектелетін. Мысалы, әкімдіктер әлеуметтік желі арқылы «Құрметті қалалықтар, көшеде кетіп бара жатып жерге түкіріп, қақыруды қойыңыздар! Оны жуып тазалайтын өздеріңіздің аналарыңыздай үлкен апалар, әкелеріңіздей ағалар, балаларыңыздай іні-қарындастар. Әр адамды өзінің бойында тазалық мәдениетін сақтауға, жастарды тазалыққа тәрбиелеуге шақырамыз», - деген жазба тарататын. Кей жерлерде тазалықты насихаттайтын билборд тұратын. Әрине, онымен тазалықтың сақталғаны да шамалы еді. Ал қазіргі күні заң бола тұра адамдар тазалыққа пысқырып та қарамайды. Егер жұрттың бәрі заңды құрметтейтін болса, төңіректі ешкім ластамаған болар еді.

Заң адамдардан қоғамдық орында біреуге балағат сөз айтпауды, түкірмеуді, рұқсат етілмеген жерде шылым шекпеуді, көшеде, подъезде ішімдік ішпеуді талап етеді. Мұның бәрі заң бойынша ұсақ бұзақылыққа жатады және осындай жағымсыз әрекеттерді жасаған адам үшін заң алдында жауапкершілік бар. Мысалы біреуді балағаттаған адам 69 мың теңге айыппұл төлейді немесе бір айға қамалады. Көшенің тыныштығын бұзғандарға да заң алдында жауапкершілік көзделген. Сағат кешкі 22:00 мен таңғы 9:00 аралығында адамдардың ұйқысына кедергі келтіргендерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Дамыған шел елдердің көше тазалығына әуесің келеді. Бір жағынан ол жақта тазалық мәселесі қатаң қадағаланады. Сингапурде тасталған қоқыс үшін 500-ден 1000 долларға дейін, көшеде түкіргені үшін 1000 доллар, лифтіде шылым шеккені үшін 1000 доллар айыппұл қарастырылған. Малайзияда асфальтқа тасталған сағыз үшін 1 ай қоғамдық жұмысқа жегіледі және 500 доллар көлемінде айыппұл салынады. Сағызын аузынан шығарып, сылп еткізіп аяқ астына тастаған адамға Англияда 90 фунт стерлинг айыппұл белгіленген. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде көшеде тасталған сағыз үшін 137 доллар, темекі тұқылы үшін 55 доллар айыппұл салынады. Мынау тұрған Қытай мен Қырғызстанда көшеде түкіргендер, ұсақ-түйек қоқыс тастағандар қомақты айыппұлға кесіледі.

Көпшілік жүретін жерлерде түкіру – айналадағы адамдарды құрметтемеу екенін естен шығармайық.

«Байқамай қалдым»: Алматыда зейнеткер әжені көлік қағып өлтірді Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүниеден өтті «Қызым маңдайымен туды, кіндігі үш рет оралған»: ZAQ отбасылық сынақ туралы айтты «Бұл – оның соңғы суреті»: Белгілі КВН ойыншысы қаза болды Израиль Иранды бітім шартын бұзды деп айыптады «Алты баласы қалды, кенжесі бес айлық»: Кішкентай қызды құдықтан құтқармақ болған марқұм бапкер туралы тың ақпарат айтылды Астанада жартылай жалаңаш қыз Министрліктер үйіне қарама-қарсы шатырда би биледі Атырауда ер адам подъезде никабтағы қызды аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) «Концерттен шеттетті, иіскеуім керек деді»: Әнші Наркенже Серікбаева басшылықты әшкереледі #нетамашалаймыз: TikTok Қазақстанда жергілікті киноиндустрияны қолдау жобасын іске қосты «Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады Мирзиёевтің үлкен қызы Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды Оралда 22 жастағы полицей өз үйінің ауласында суицид жасаған Астаналық экс-депутат вилланың фонындағы сурет үшін БАҚ-ты сотқа беріп, жеңіліп қалды Трамп мәлімдеген бітім күшіне енбей жатып, Иран мен Израиль атысты жалғастырды Құбыр тағы жарылды: Алматыда ыстық су көшеге ақты Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғыс тоқтады Еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды Алтынай Жорабаева кісі қайтқан жерге мобилограф ертіп келетін жұлдыздарды сынап тастады