"Маған қатты қысым көрсетіп жатыр": Шымкенттегі Romantic директоры Астанаға қашып келді

12.08.2023, 15:35
2189
"Маған қатты қысым көрсетіп жатыр": Шымкенттегі Romantic директоры Астанаға қашып келді egov.press

Шу болған гүл дүкеніндегі құзырлы орган қызметкерлерінің ылаңынан соң жағдай ушығып кетті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Шымкенттегі Romantic гүл дүкенінің директоры таңертең желіге видео жариялады. Әйел видеода Астанаға жергілікті құзырлы органдардан қашып келгенін айтады.

- Қазір мен Астанадамын. Шымкенттен кетіп қалдым. Себебі Шымкентте өзімді қауіпсіз сезіне алмадым. Маған қатты қысым көрсетіліп жатыр. Тіпті отбасыма да. Алдымен барша Қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Сіздердің арқаларыңызда ұрылардың арасында жергілікті сақшының бары анықталды. Сіздер полиция жасамаған істі жасадыңыздар. Әзірге Шымкент полициясы мен прокуратурасы істі жабуға тырысып жатқанда, сіздер оларға жұмыс істеуге үлкен әсер еттіңіздер, - дейді дүкен иесі.

Еске сала кетсек, Romantic гүл дүкенінің директоры 8 тамызда 242GDA17 нөмірлі көлікпен келген бір топ адам гүл ұрлап кеткенін хабарлап, дүкендегі камераға жазылған бейнежазбаны желіге жариялады. Дүкен иесі топ арасында облыстық прокурордың баласы бар дегенмен, прокуратураның баспасөз қызметі аталған адамның ведомствоға ешқандай қатысы жоғын айтты. 

Артынша прокурордың баласы деген адам учаскелік полицей екені белгілі болды. Жағдайға қатысты ішкі істер министрлігі де пікір білдіріп, екінші видеодағы ер адамның 1989 жылы туған Б. есімді азамат екенін растады.

Желі қолданушылары әйелдің жариялаған видеосынан кейін ІІМ мен Бас прокуратураның жағдайды анықтап, дүкен директорына араша түсуді сұрап жатыр.

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді