Майқайыңалтын кенішінде қайтыс болған құтқарушылардың отбасына 4,5 млн беріледі
Оқиға болған орында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Smart News басылымының хабарлауынша, "Майқайыңалтын" кеніші опырылғанда қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына 4,5 млн теңгеден төленеді.
Бір күн бұрын тереңдігі 150 метр шұңқырға автобус құлап түскен. Автобус әлі табылмады. Сондай-ақ оқиға орнында екі құтқарушы қайтыс болып, тағы екі құтқарушы іздестіріліп жатыр.
"Қаза тапқандар мен жоғалған құтқарушылардың отбасыларына "Майқайыңалтын" АҚ және КӘАҚҚ РО-дан әр отбасына 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетін болады", - деді Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов.
4 қаңтарда қайтыс болған екі адамның мәйіті табылды, тағы екеуін және автобусты іздеу жалғасуда.
Еске сала кетсек, "Майқайыңалтын" АҚ – құрамында алтыны бар колчедан-полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу бойынша Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының бірі. Бас директоры – Қуаныш Ботин.