Марқұм Құрманай Бақтиярқызына тұңғышы Ханшайымның арнап жазған хаты көпшілікті жылатты

Аиса Махамбет Редактор
01.11.2024, 12:15
14104
Марқұм Құрманай Бақтиярқызына тұңғышы Ханшайымның арнап жазған хаты көпшілікті жылатты коллаж smartnews.kz

Ханшайым өз туған күнінде анасын ауруханаға апарып, екі күннен соң одан айырылып қалған...

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақынның қызы Ханшайым анасы туралы көңіл толқытарлық жазба қалдырды.

Бет әрлеуші болып жұмыс істейтін бойжеткен анасының қазасынан екі күн бұрын, туған күнін атап өткен. 

“Өзімнің туған күнімде маған жарық дүние сыйлаған анамды ауруханаға барып, бетінен сүйіп шықтым. Алланың ісіне шара жоқ. Өзі беріп, қайтадан шақырып алды. Мәңгілік сапарына шығарып салдым. Жарқыраған күн еді, менің арқа сүйерім еді ғой… Бәрін жүректен шыққан сөздерімен жұбататын. Жаназа кезінде үйден ғұсылын алдырып, сұлу боп шыққанда қимастық сезім қатты қысты. Раббыма көп дұға айттым. Періштелер әдемі иісімен күтіп алатындай етіп, шығарып салдым. Анашыммен жасалған қаншама ниетім бар еді. Меккеге бірге барамыз деп армандап едік. “Анашым, сәждеге маңдайың тиді. Енді бірге намаз оқиық, қара тасты бірге ұстап тілек айтамыз” деп едік. Жүрегіңнің иманы өзіңе серік болсыншы”, – деп жазды Ханшайым есімді ару. 

Еске салайық, марқұмның ата-анасынан бұрын о дүниелік болғаны көпшіліктің қабырғасын қайыстырған еді. 

“Осыншама адам мейрамханаға сыймай қалды. Қаншама көлік көше бойында тұр. Мұның бәрі Құрмашымның елге керек жан екенін көрсетіп тұр. Халықтың дұғасы Құрмашты жұмаққа алып баратыны сөзсіз. Алла көріп, естуші еді. Ата-анасы мен ұрпағының алдында кеткені өкінішті. Одан ауыр ештеңе болмас. Ешкімнің басына бермесін”, – деп жазған еді Гүлзира Үсенқызы. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды