Мәскеу биржасындағы санкциялардың енгізілуіне байланысты KASE қызметі мәлімдеме жасады

13.06.2024, 16:55
729
Мәскеу биржасындағы санкциялардың енгізілуіне байланысты KASE қызметі мәлімдеме жасады KASE

KASE Мәскеу биржасына тиесілі 13% акцияны қайтадан өзіне сатып алу керек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылғы 12 маусымда АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Мәскеубиржасына (бұдан әрі – MOEX), Ресейдің Ұлттық клирингтік орталығына және Ұлттық есеп айырысу депозитарийіне қатысты санкциялар салды.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі –KASE) негізгі акционерлері қазақстандық инвесторлар болып табылады – 86,9%, оның 46,9% акциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі. MOEX акцияларының үлесі13,1%-ды құрайды.

 Сонымен қатар, бұғаттаушы санкцияларды қолдану өлшемшарттарының бірі – SDN тізіміндегіадамның тікелей немесе жанама түрде, жеке немесе жиынтығында ұйымның 50% немесе одан да көп акцияларына иелік ету. Осылайша, бұл өлшемшарт KASE-ге қатысты қолданылмайды.

Өз кезегінде, KASE тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметіне тән тәуекелдерді бақылауды,мониторингтеуді және барынша азайтуды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, KASE және«KASE клирингтік орталығы» АҚ барлық қаржы құралдарымен сауда-саттықты, клирингті жәнеесеп айырысуды штаттық режимде жүзеге асырады.

Өз тарапынан Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығындағы ахуалға мониторингті жүзеге асырады және қажет болған жағдайда,сыртқы факторлардың қаржы секторының тұрақтылығына теріс әсерін барынша азайтужөнінде тиісті шаралар қабылдайды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді