Мауглиге айналған балалар: ішкіш әйел ана құқығынан айырылмақ

16.08.2023, 11:33
1305
Мауглиге айналған балалар: ішкіш әйел ана құқығынан айырылмақ polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаменті балаларына тиісті күтім жасамаған әйелді ата-ана құқығынан айырылатынын айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алматыдағы Медеу аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы бірнеше күн бойы полицияда есепте тұрған 41 жастағы Х. есімді азаматшаның отбасын тексеруге әрекеттенген.

Ведомствоның учаскелік инспекторы Айжан Бутабаева аталған әйелдің отбасын биылғы жылдың мамыр айында тіркеген. Балалардың анасы Алматыға Павлодардан келген. Тексеру кезінде әйел байланысқа шығуға құлықсыз болған.

- Кезекті тексеру барысында, 8 тамызда бірдеңенің дұрыс емес екенін сездім: үйде дыбыстар естілді, бірақ есікті ешкім ашпады. Менің дабылым бойынша оқиға орнына жергілікті учаскелік инспектор, ТЖД қызметкерлері мен қамқоршылық өкілдері тартылды. Есік күшпен ашылды. Сараптамамен расталғандай, әйел үйде “орташа дәрежедегі” алкогольдік масаң күйде болған. Үйдің іші өте лас болды, - дейді инспектор.

Сондай-ақ Polisia.kz сайтының дерегінше, әйел 2016 жылы туған қызына, 2018 жылы туған ұлына және 2020 жылы туған екінші ұлына дұрыс күтім жасамаған.  Балалар бірден өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету орталығына жеткізілген. 

Медеу аудандық полиция басқармасы басшылығының айтуынша, іс материалдары жинақталып, әйелді одан әрі ата-аналық құқығынан айыру үшін 2023 жылдың 18 тамызында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданатын болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды