«Мемлекеттік құпия»: Астана әкімдігі 42 млрд теңгенің инфрақұрылымдық жобасына қатысты жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
16.02.2024, 14:31
952
«Мемлекеттік құпия»: Астана әкімдігі 42 млрд теңгенің инфрақұрылымдық жобасына қатысты жауап берді Мәжілістің баспасөз қызметі

Үшінші стансаны салуға 42 млрд теңге жұмсалған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астана әкімдігі Kazinform халықаралық агенттігінің сауалына жолдаған жауабында «Интернациональный» тұрғын алабындағы су сорып, сүзетін үшінші стансаны салуға жұмсалған 42 млрд теңгенің қалай игерілгені туралы егжей-тегжейлі мәлімет беруден бас тартты.

Былтыр жазда Астана тұрғындары су тапшылығын қатты сезініп, «Интернациональный» тұрғын алабындағы үшінші сорғы-сүзгі станса қолданысқа берілген болатын. Кейін ол нысанды Мәжіліс депутаттары аралауға барып, жобаға «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» АҚ бас мердігер ретінде тартылғаны, 42 млрд теңге жұмсалғаны мәлім болған. Дегенмен, Мемлекеттік сатып алу порталында аталған жобаның конкурс мәліметтерін табу мүмкін емес. Соның себебін, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен сметалық құжатын сұраған редакция сауалына әкімдік мынандай жауап берді:

«Жоба 2014 жылы әзірленген және жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысын алған «2023 жылға дейін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесі негізінде әзірленді.

Көрсетілген объектінің құрылысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес әзірленген және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілді. Жобаның құнын «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» РМК-нің аттестатталған сарапшылары растады.

Жобаны қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылды.

Жобаны іске асыру шарттары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді. Жобаны әзірлеуші — «СтройТех-Мастер» ЖШС, бас мердігер — «НГСК КазСтройСервис» АҚ. Жобаның құны көптеген факторларға тәуелді. 

…Оларда мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтердің болуына байланысты техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманы ұсыну мүмкін емес», — делінген Астана қаласы Энергетика басқармасының жауабында.

Әкімдік жобаның мердігері ретінде неге «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» АҚ таңдап алынғанын түсіндірген.

«Жобаның әлеуметтік маңыздылығын, 2021 жылы қаржыландырудың болуына қарамастан оны мүмкіндігінше тезірек жүзеге асыру қажеттілігін ескере отырып, қала басшылығы бас мердігер ретінде техникалық күрделі жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар компанияны жеткілікті материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағының 56-тармақшасына сәйкес мердігер ұйым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 шілдедегі № 495 ҚБПҮ (таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын «Қызмет бабында пайдалануға арналған» құжат — ред.) Қаулысымен айқындалған», — деп жазылған жауапта.

Енді жоғары білімі жоқ қызметкерлер шенеулік креслосына отыра алады «Адам өлтіру бабын алып тастаған»: марқұм 14 жастағы баланың жақындары ісі әділетсіз өтіп жатқанын жеткізді «Кімнің жолын кестің екен?!»: Беспаев 1 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Мажағұловқа қолдау білдірді Танымал актриса Лейло Бекназар-Ханинганың күйеуі бақиға аттанды Қажылыққа баратындар вакцина алуға міндеттелді Орал тұрғыны өз айыппұлын ұйықтап жатқанда досының телефоны арқылы төлеген 21 жастағы жігіт ойын үшін төрт бірдей туысын пышақтап тастаған Бүгін Қазақстанның барлық аймағында жел күшейіп, бұрқасын соғады Қарт әкесін еркелетіп, қасықтан ас ішкізген Мадияр Серікбаев елді сүйсіндірді (ВИДЕО) Хиджаб киіп, Мәдина қаласында жүрген Ақбота-Нұр көпті таңғалдырды Семейдегі оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО) Израиль қажет болған жағдайда Газадағы соғысты қайта ашатынын ескертті «Өтемақыны ұрлады»: ұшақ апатында мерт болған бортсеріктің ата-анасын алаяқтар алдап кеткен Қамшыбек Қоңқабаев бокстан кетті Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды Қазақстанда картоп бағасы шарықтап кетті: Үкімет не дейді Автобусты соғып, бір адамды қағып қашып кеткен атыраулық ұсталды АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынды QazNews24 cатиралық парақшасының авторы екі айға қамауға алынды «20 қария таяқ жеп келген»: Павлодардағы пансионатта қарттардың пәтерін жалдап, өздерін ұрып-соққан қылмыстық топ ұсталды