Мемлекеттік қызметкерлер Кореяның цифрлы трансформациясы моделін зерделеді

02.10.2024, 19:59
868
Мемлекеттік қызметкерлер Кореяның цифрлы трансформациясы моделін зерделеді

Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхит аймағындағы 11 елден 30-дан астам жоғарғы және орта деңгейдегі мемлекеттік қызметкер Корея Республикасына сапары барысында озық практикалар және инновациялық шешімдермен танысты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аталған іс-шара корей үкіметінің мемлекеттік цифрлы тұғырнамасымен (DPG) және Корея Республикасының киберқауіпсіздік, жеке мәліметтерді қорғау және Жасанды интеллект қолдана отырып, цифрлы қызмет көрсету бойынша тәжірибелерді зерттеуге бағытталған.

Осы сапар - цифрлы трансформация мен цифрлы басқаруды жетілдіру бойынша мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін арттыруға арналған халықаралық жобаның бір бөлігі. Жобаны Корея Республикасы үкіметі қаржыландырып, БҰҰ Даму бағдарламасы және Астана мемлекеттік қызмет хабымен әріптестікте бірге жүзеге асырады.

Қатысушыларға Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) цифрлы үкімет ынтымақтастығы бөлімі директоры Бёнджун Пак, Корея Республикасы Ұлттық ақпараттық қоғамы агентігі (NIA) президенті Чонсон Хван және Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов жылы лебіздерін білдірді. Сонымен бірге қатысушы-елдер атынан Филиппин ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаменті (DICT) электронды үкімет бойынша хатшы орынбасары Дэвид Альмирол өз пікірін ортаға салды. Бұл шара цифрлы үкімет бастамаларын ілгерілетуде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын байқатты.

Алихан Байменов «бұл танысу сапары Корея Республикасындағы цифрлы трансформацияны тек зерделеп қана қоймай, оның тәжірибеде қалай  жүзеге асатынын тікелей бақылауға мүмкіндік береді. Теория мен практиканың осындай үйлесімі - Хаб қызметін әркез ерекше етеді», - деді. Сонымен бірге, спикердің айтуынша, «әр ел өзінің бірегей тәжірибесін ортаға салуы бірлескен талқылаулар ауқымын кеңейтіп, тереңдететүседі».  

Үш күндік сапар барысында қатысушылар Сеул, Сэджон және Аняндегі мемлекеттік органдар мен жекелеген ұйымдарда болып, лециялар топтамасын тыңдады, Кореяның цифрлы мемлекетті басқару және «ақылды» қалалар салудағы инновациялар бойынша озық тәжірибелерімен танысты.

Сапар кезінде Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов MOIS цифрлы үкімет және инновациялар бойынша министр орынбасары  Ёнсук Лимен кездесіп, өзара ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мүмкіндіктерін мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен бірге олар мемлекеттік басқаруды цифрландыруға қатысты шешуші басымдылықтарды анықтады.

Іс-шара ауқымында NIA президенті Чонсон Хвангпен де маңызды екіжақты кездесу өтті. Онда тараптар қазіргі әріптестікті дамыту мен оны жақсарту жолдарын қарастырды.  

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады