«Мен де барып қайттым»: әнші Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың жылдық асы өткенін айтты (ВИДЕО)

03.11.2024, 17:17
1654
«Мен де барып қайттым»: әнші Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың жылдық асы өткенін айтты (ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

Әншіге қымбат көлік әперіп, оны тікұшақпен қыдыртып, қызы екеуіне аса қамқорлық танытқан Болат Назарбаевтың жылдық асы өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Болат Назарбаевтың жылдық асына барды.

Көзі тірісінде бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаев пен Халық әртісі Мақпал Жүнісованың аты жиі бірге айтылатын. Мәселен, БАҚ басылымдарына берген сұхбаттарында әнші Болат Назарбаевпен, оның отбасымен де етене жақын араласатынын айтты. Қызы Мерейдің өкіл əкесі Болат Назарбаев болғандықтан, оның қызы екеуіне үнемі қаржылай қолдау көрсетіп, ылғи қамқорлық танытанынын да жеткізді. Тіпті бір жолы кіші Назарбаев әншіге қымбат маркалы автокөлік сыйлады. Одан бөлек туған күніне қонақ ретінде барып, Жүнісованың өзіне ән айтқызғаны тағы бар. Сол жылдары көпшілік көреміз деп күтпеген оқиғаның бірі - Болат Әбішұлының Жүнісованы тікұшақпен қыдыртқан кезі еді. Кейіннен екеуінің тойларда қатар отырғаны, Шамалғандағы Назарбаевтың көкпарында да бірге жүрген сәті әлі ел есінде болар.

Бірақ, өкінішке қарай, Жүнісованың жан досы, әрі қамқоршысы Болат Назарбаев 2023 жылы 13 қарашада Алматының орталық ауруханасында қайтыс болды. Қайтыс болар алдын он күн бұрын ол ауыр халде ауруханаға түскені жөнінде ақпарат тараған еді. Кіші Назарбаев өмірден өткен күні алғаш боп желіде көңіл айтқандардың бірі де осы Мақпал Жүнісова болды.

«Қош болыңыз, Болат аға! Біліп-білмей істеген күнәләріңізді Алла кешірсін, сіз мен үшін жақсы адам болдыңыз», - деп көңіл айтқан еді.

Бірақ ол Болат Назарбаевпен бірге түскен фото-суреттерді желіге жүктегенмен, пікір алаңын үнемі жауып жүреді. Бүгінде де ол желідегі парақшасында кіші Назарбаевтың асына барып, оған Құран бағыштағанын айтты. Бірақ ол тағы да пікір алаңын жауып тастаған.

«Бүгін Болат Әбішұлының өмірден озғанына 1 жыл болды. Құран бағышталып, ас берілді. Жасаған қайырымдылықтарын айта бермейтін адам еді. Топырағы торқа болсын. Достыққа да адал болды. Мен де барып қайттым», - деп жазды әнші.

Асқа барғанын жеткізген әнші Болат Назарбаевтың 2016 құрған «Салиқалы ұрпақ» қоры жасаған қандай қайырылымдықтары бар екенін көрсететін видеоесеп жазбасын жүктеп қойған:

Еске салсақ, сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билігіне қарсы шығып, батыл сын айтып жүрген Мақпал Жүнісованың күйеуі Заманбек Нұрқаділов тура 19 жыл бұрын 61 жасында жұмбақ жағдайда қаза болды. 2005 жылы 12 қараша күні саясаткер Мақпал Жүнісовамен бірге тұратын төрт қабатты үйінен өлі табылдыНұрқаділовтің өлімі ресми материалдарда «суицид» деп көрсетілгендіктен, қоғам белсенділері оның «өз-өзін үш рет атып өлтіруіне» үлкен күдікпен қарады.

Артынша бірнеше жылдан соң Мақпал Жүнісова кіші Назарбаевтың жанынан жиі көріне бастады. Оның Болат Назарбаевпен достығын сынға алған адамдар көп болды.

Оның үстіне Нұрсұлтан Назарбаев отыз жылға жуық уақыт елді басқарған кезеңде мемлекет басшысының жақындары, оның ішінде інісі Болат Назарбаев та өзге де туыстары секілді Қазақстандағы ең бай адамдардың қатарынан табылды. Оның мұндай байлыққа қалай жеткені туралы түрлі пікір айтылып жүрді. Көзі тірісінде, оның «мемлекеттік қызметкер еместігі», «түрлі ақша жымқыруларға қатысы жоғы», «өзгелердің бизнесін рейдерлікпен басып алмағаны» туралы ақтау сөздер көп болды, ресми айыбы жоқ болды.

Тек Қанды Қаңтардан кейін ғана Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке ықпалы жоғалып, басқа туыс-туғаны секілді Болат Назарбаевтың да активтері мен байлығына қатысты дау көбейді. Кейбір істер тіпті сотқа да жеткен еді.

Еске сала кетейік, жазда Болат Назарбаевтың 15 баласы мұраға таласып жатқаны туралы жазған едік.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды