«Мені көрсе, бәрі «Сағатына қанша?» деп айқайлайды»: танымал блогер «ұятсыз» видео туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
11.11.2024, 18:55
5297
«Мені көрсе, бәрі «Сағатына қанша?» деп айқайлайды»: танымал блогер «ұятсыз» видео туралы шындықты айтты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Сәбинаны желіде жалаңаш видеоға түсті деп тоқтаусыз масқаралап жатыр. Қыз видеодағы өзі емес екенін дәлелдей алмай жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызын көпшілік порнофильмге қатысы бар деп айыптаған еді. Ол Аман Тасығанның «TalkLike» бағдарламасына сұхбат беріп, шындықты айтты. 

«Барлық шу «Taboo» подкастына барғаннан кейін басталды. Сол сұхбаттан кейін екі күннен соң таңғы 6-да бейтаныс адамнан видео келді. «Мына қыз маған ұқсайды екен» деп мән бермедім. Одан кейін бір қыз жіберді. Оны да танымаймын. Сосын таныстар жібере бастады. «Сен туралы жаман видео таралып жатыр» деп ескертті. Сол кезде-ақ мұнымен күресу керегін түсіндім.

Әлі де жіберетіндер бар. Жеке парақшамда 500-ше жуық ашылмаған хат жатыр. Бәрі порновидеоны жіберген. TiKTok-та 82 миллион қаралым жинапты. Наурызбай ауданының полиция бөлімшесіне арыз жаздым. Мықты адвокат жалдап, қылмыстық іс қозғаттым. Құзырлы органдар араласып жатыр.

Экспертиза жасаттым. Ол жақта да тек әйел адамдардың сараптама жасағанын талап еттім. Түгел шешіндіріп, денем мен бас сүйектерімді тексерді. Видеодағы қыздың құлақтарына дейін салыстырды. Қорытынды қағазы шығып, ол қыздың мен емес екені дәлелденді. Бірақ іс мұнымен бітпейді, маған жала жапқандар заң алдында жауап береді», – деді Сәбина Мовлаева. 

Сондай-ақ осы оқиға блогердің денсаулығына да әсер еткен көрінеді. Медициналық тексерістен өтіп, психологтың қабылдауына жазылған. 

«Ең ауыр тиген екі адамның сөзі болды. Бір құрбым, «Видеодағы сен болсаң да, онда тұрған ештеңе жоқ. Қазір қыздардың бәрі сондай тірлікпен айналысады» деп «жұбатты». Сөздері қатты әсер етті. Егер ол видеодағы қыз мен болсам, үндемей сөзімен келісер едім. Мен емеспін деп айқайлап, жан даусым шығып тұрса да, маған сондай ақыл айтты.

Одан кейін 65 жастағы апаймен бір жарнамалық роликке түсетін болдық. Бәрін дайындап қойсақ, қызы хабарласып, «Анамыз сізбен түспейді, өйткені біздің отбасылық беделімізге нұқсан келтіресіз. Сіздің видеоңызды көрдік» деді. Қатты қорланып, жылап қалдым.

Тіпті, денсаулығым сыр беріп, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Көшеде көлікте отырсам, «сағатың қанша?!» деп сұрайды. Жеке өміріме де теріс әсер етуі мүмкін. Ажырассам да, екінші рет отбасын құрып, бақытты әйел болғым келеді. Болашақ күйеуім осы жағдайды қалай қабылдайды. Еркектер бір-бірінің айтқан сөзімен жүреді емес пе?! Біреуі болашақ жарыма мен туралы жағымсыз пікір айтуы мүмкін. Осы дүниелерден қорқамын. Сол үшін істі аяғына дейін жеткіземін. Видеодағы қыздың мен емес екенін дәлелдеймін», – деді желі жұлдызы. 

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды